2024 жылғы 21-23 мамыр аралығында С. А. Балғожина “ҚР СТ ISO 9001-2016 (ISO 9001:2015) Интеграцияланған менеджмент жүйелерінің ішкі аудиторларын дайындау” тақырыбында қазақстандық оқыту және консалтинг орталығында біліктілігін арттырудан өтті
Спикер ретінде сертификатталған жаттықтырушы Б.О. Ескандерова сөз сөйледі.
Семинар аясында келесі мәселелер қаралды:
•Ұйымның ішкі процестерінің тиімділігін арттыру;
• Өнімділікті арттыру, өндірілетін өнімнің, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және ақау деңгейін төмендету есебінен шығындарды қысқарту;
•Қызметті жүзеге асыру кезінде шығындарды анықтау және жою арқылы ұйымдастыру процестерін үнемі жетілдіру;
•Ішкі коммуникацияларды, материалдық ресурстарды жоспарлау және бөлу механизмін жақсарту;
•Тұтынушылардың талаптарын орындау арқылы олардың қанағаттанушылығын арттыру;
•Сапа менеджментінің заманауи құралдарын қолдану арқылы ұйым қызметін үздіксіз жетілдіру;
•Орындалатын функционалдық міндеттердің ашықтығы мен айқындылығы есебінен персоналдың уәждемесін арттыру;
•Тендерлер мен конкурстардағы артықшылық.
Сонымен қатар оқыту аясында практикалық сабақтар өткізілді
Оқу аяқталғаннан кейін сертификаттар берілді.