2020 жылғы 12 қазанда проректорлық корпус пен құрылымдық бөлімшелер басшыларының құрамында жұмыс тобының кезекті отырысы өтті, онда Академия қызметінің барлық бағыттарын регламенттейтін базалық ішкі нормативтік құжаттарды өзектендіру мәселелері қаралды
ҚР БҒМ НҚА – ның соңғы өзгерістері мен толықтыруларына, сондай-ақ коронавирус пандемиясына байланысты қалыптасқан жағдайға сәйкес Сапа саласындағы Саясат пен Мақсаттарға, 2019-2023 жылдарға арналған стратегиялық даму бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, ағымдағы оқу жылына арналған Жол картасы әзірленді.
Жоғарыда аталған барлық құжаттар кафедраларға және құрылымдық бөлімшелерге ПОҚ, білім алушылар мен қызметкерлер тарапынан танысу, толықтырулар енгізу және оларды одан әрі бекіту, Академия сайтына орналастыру және оқу процесіне басшылық жасау үшін жіберілді.