Мен, Алматұлы Ақжол, Қарағанды қаласы «Bolashaq» академиясының «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 1 курс студентімін.
2023 жылғы 24 қаңтарда мен Әлихан Бөкейханов атындағы ЖББ мектебінде танымдық практика өткізу бойынша мектеп оқушыларымен танысу мақсатында, олардың қызуғышылықтарын арттыру үшін тренингтер өткіздім. Ең бірінші тренинг – танысу тренингі, бұл – әр баланы жақынырақ танып білу жүргізіледі. Бала өзін ерекше іс-қимылы арқылы таныстырады. Сол іс-қимыл арқылы танысу жеңілірек болады.
Екінші тренинг – назар аудару тренингі, бұл тренингте баланың жан-жақты болуы,назар аудару қабілеті тереңдей түседі. Балалар бір-біріне шапалақ арқылы кезектесіп қол соғады және сол қол соғу сағат тілі бойынша кезекпен өтеді. Егер бір бала қолын екі рет соқса сағат тіліне қарсы кетеді де, баланың тез шешім қабылдауына мүмкіндік береді.Үшінші тренинг сөздік қорды көбейту мақсатында жасалды. Ойламаған жерден сөз құрастырып шығу балаларға қиын еместігі байқалды.
Бұл тренинг мектеп оқушыларына ұнады. Келесі күндері тағы да өткізуімді сұрады. Бала сабақты түсіну үшін алдымен оны қызықтырып, бойына біртіндеп сіңіру керек екен. Мектеп ұстаздары үлкен мүмкіншіліктер жасап, білгендерімен бөлісуде. Алдағы уақытта әлі де шыңдала түсемін деген ойдамын. Мектеп оқушылары өте білімді екен. Тренинг қана өткізіп қоймай жетекшінің сабағына да қатыстым. Өзімді оқушылар алдында қалай ұстауым керек екенін көріп білдім. Жетекші Раушан Оралхановна өте тәжірибелі ұстаз екен, маған барлық жағынан көмектесуде.
Алматұлы Ақжол
Қарағанды қаласы
«Bolashaq» академиясының
«Қазақ тілі мен әдебиеті» ББ