2024 жылғы 19 сәуірде “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында Шет тілі: екі шет тілі ББ 1-2 курс студенттері және кураторлар М.К. Абдрешева мен Р.Р. Ганеев сенбілікке қатысты.
Ауқымды экологиялық акция бес аптаға созылады, олардың әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа арналады. 13 сәуірге дейін созылатын бірінші апта “Таза өлке” деп аталады – бір апта ішінде елді мекендердің тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен аулаларды тазалайды. “Киелі мекен” апталығы аумақты абаттандыру жұмыстарына арналған. Студенттер мен кураторлар Жамбыл көшесінің аумағын тазартты.