25 жылдықпен құттықтаулар

“Bolashaq” академиясы университеттің 25 жылдығымен құттықтауларды қабылдауды жалғастыруда.

“Академик Ақылбаев атындағы Балқаш маңызды білім беру колледжі” ЖМ-не жылы лебіздері үшін алғыс айтамыз.

Құрметті Құрал Несіпбекұлы!
Сізді және сіз басқарып отырған ұжымын 25-жылдық мерейтойларыңызбен
құттықтаймыз!
Уақыттың ұлы көшінде академия талай-талай асулардан асып, небір биік белестерді бағындырып, өзінің бүгінгі мерейтойына толағай табыстармен келіп отыр.
Өзіндік тарихи дәстүрі бар, оқу орнының қазіргі таңда талабына сай білім беру жүйесі, оқу үрдісі ғылым мен тәжірибені қатар ұштастырған ұтымды нәтижелері адамзат игіліне ұсынып келе жатқан жемісті еңбегі мол.
Алтын ұя «Bolashaq» академиясында студенттерге барлық жағдай жасалып,барлық мүмкіндігі бар, студенттердің айтылған барлық ұсыныстары ескерілетін оқу орны екені сеніммен айта аламыз!
Ұжым өзінің 25 жылдық тариханыда Қазақстанның барлық өңірінде еңбек етіп жүрген кәсіби білікті мамандарды оқытып, өмірге жолдама береді.
Бұл кезең – кемелдену, іргелі зерттеулер мен ғылыми ізденістерге толы жылдар болды.
Алтын арқауы үзілмеген, ұрпақтар сабақтастығының жарасымды үлгісі алдағы уақытта да жарқырап көріне беретініне сенімдіміз.
Білім инновациясын дамытудағы талабына сәйкесбәсекеге қабілетті мамандар даярлауда жаңа табыстар тілейміз!

Ізгі тілекпен:Академик Ж.С.Ақылбаевтың
Балқаш маңызды білім беру колледжі
ұжымы атынан А.Кусаинова

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.