“Қазіргі студенттің имиджі мен сыртқы келбеті мәдениеті” тақырыбында ашық кураторлық сағат

Имидж – (ағылшын тілінен – imаge аударғанда «образ» (бейне, кейіп, нұсқа) – деген мағына береді) адамның санасы мен ойында қалып қоятын нұсқа кейіп туралы саналы ұғым. Қоршаған ортада адам қандай болу тиісті?
«Жазба кітапшасы» – деп аталатын еңбегінде А.П.Чехов былайша атап көрсеткен: «Салауатты саналы, дене пішімі тартымды» болуы тиісті. Сонымен, имидж адамның сыртқы пішіні мен ішкі саналы дүниесімен тікелей байланысты.

26.12.2022 жылы К-20-1 тобының ұйымдастыруымен «Студенттердің ішкі мәдениеті мен сыртқы имиджі» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті білім бағдарламасы студенттерімен сұқбат жүргізілді.
Аталған іс-шарада студенттің сырт келбеті қандай болуы керектігі, мәдениеттілік дегеніміз не екендігі туралы студенттер өз ойларын ортаға салып талқылады.

Негізгі қарастырылған мәселе :

1. Студентердің киім кию әдебі.
2. Сөйлеу мәдениеті
3. Жеке басының талғам мәдениеті.


Ашық пікір алаңында студенттермен көптеген мәселелер қозғалды.Студенттің мәдениет дағдысын қалыптастыру үшін арнайы қызықты кітаптар ұсынылды.
Дәл осы шараны Шет тілдер және мәдениетаралық коммуникация білім беру бағдарламасы студенттері де өткізді. Студенттердің өз бойларында тікелей қалыптасқан мүмкіншіліктер мен дарынды ерекшеліктерін өмірде толық іс – жүзіне асыра білу және жеке өз – өзіне деген сүйіспеншілік тақырыбында ой талқы болды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.