“Қазіргі әлемдегі экстремизм мен терроризмді ескерту және алдын алу” тақырыбындағы эссе байқауы

2024 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының жалпы заң пәндері кафедрасы  Кеңес Одағының ғалым-геологы, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың  125 жылдың мерейтойына арнап «Сіз Шетелдердің мемлекет және құқық тарихын білесіз бе?» тақырыбы бойынша Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының қабырғасында студенттер, курсанттар арасында аймақтық пәндік викторина өткізді.


 Викторинаның мақсаты мен міндеттері:
1.Студенттердің, курсанттардың Шетелдердің мемлекеті мен құқығының тарихы  пәнін тереңдетіп зерделеуге қызығушылықтарын арттыру;
2.Оқуда озат болуға, әрбір іске байланысты жеңіске жетуге ынталандыру;
3.Студенттердің, курсанттардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ерекше міндеттерді шеше білуге, пәнге деген қызығушылықтарын ояту, алған білімдерін тәжірибеде қолдана білу;
 Осы викторинаға “Bolashaq” Академиясының “Құқықтану” білім беру бағдарламасының 1курс студенттері қатысып, жүлделі 3-ші орын алып қайтты! Викторина қорытындысы бойынша жеңімпаздар Алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталады. Қатысқан студенттерге мың алғыс!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.