Қоғам қазіргі уақытта қоғамдық өмірді модернизациялауға байланысты құндылықтар жүйесінің өзгеруін бастан кешуде. Осындай болып жатқан өзгерістер белгілі бір дәрежеде ұлтаралық қатынастардағы шиеленіспен, этносаралық қақтығыстармен қатар жүреді және соның салдарынан экстремизм мен терроризм арқылы олар үшін қажетті нәтижеге қол жеткізуге тырысатын әртүрлі оппозициялық топтар пайда болады.
2024 жылдың сәуір айында студенттерге экстремизм мен терроризм проблемасына өз көзқарасын білдіруге мүмкіндік беру, сондай-ақ экстремизм мен терроризм идеяларына қарсы үгіт-насихатқа өз үлесін қоса отырып, олардың бойына жалпыадамзаттық құндылықтарды бекіту негізінде “Қазіргі әлемдегі экстремизм мен терроризмді ескерту және алдын алу” тақырыбында эссе байқауы өтті!
Эссе байқауының қорытындысы бойынша “Bolashaq” Академиясынан Кадрин Т.Б қатысып жүлделі 2-ші орынға ие болды! Ғылыми жетекшісі: Құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасының меңгерушісі профессор, з.ғ.к. Кабжанов А.Т.