“Қазақ жазуының тарихы” тақырыбына дөңгелек үстел

2022 жылдың 13 қыркүйегінде Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасы жанындағы ресурстық тіл орталығы Қазақстан халқының Тілдер күніне және Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналғанҚазақ жазуының тарихы” атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелдің арнайы қонағы ретінде “BOLASHAQ” академиясының Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессор Сембиев Құрманғазы Закирович қатысты.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты:

  • мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру;
  • А. Байтұрсыновтың ғылыми мұрасын зерттеу және насихаттау;
  • қазақ жазуының тарихынан неғұрлым кең ақпарат беру.

Қатысушылар қазақ жазуының тарихына қатысты жаңа мәліметтерді тыңдады. Іс-шара соңында дөңгелек үстелдің қорытындысы шығарылып, қатысушылар пікір алмасты.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.