14 сәуірде Қарағанды қаласының Достық Үйінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, абайтанушы, әуезовтанушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Тұрсын Құдакелдіұлы Жұртбаймен «М.Әуезовтің «Абай жолы»роман – эпопеясындағы өмір мен көркемдік болмысы» тақырыбында кездесу өтті. Аталған іс-шарада қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессор Қ.З. Сембиев баяндама жасады.

