2020 жылдың 11 қарашасында ZOOM платформасында фармацевтикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, химия ғылымдарының магистрі Исина Жаннұр Әмірғалиқызы өзі жетекшілік ететін Фм – 19-2 тобының студенттері: Кабдолла Амина, Асанова Гүлшат, Картабаева Гүлжан, Ертай Мәншүк, Насихат Айсұлулармен бірге Нұрсұлтан қ., С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің “Экоlife” клубы ұйымдастырған “Қазақстандағы экологиялық таза дәрілік шөптер” атты Республикалық Дөңгелек үстелге қатысты.
Іс-шара барысында Фм 19-2 тобының студенттері дәрілік шөптерге егжей-тегжейлі тоқталып, олардың химиялық құрамымен және әсер етуші белсенді топтарымен таныстырса, агротехникалық университеттің студенттері дәрілік шөптердің көбеюі, оларды экологиялық қорғау мәселелерін қарастырды. Дөңгелек үстел соңында ұйымдастырушы Гүлсара Бақтыбайқызы барлық қатысқан студенттерге алғысын білдіріп, топ кураторына сертификат табысталатынын атап өтті.