Участие в республиканском Круглом столе “Қазақстандағы экологиялық таза дәрілік шөптер мәселесі”

11 ноября 2020 года на платформе Zoom старший преподаватель кафедры Фармацевтических дисциплин, магистр химических наук Исина Жаннур Амиргалиевна совместно со студентами группы ФМ-19-2 приняли участие в республиком Круглом столе «Қазақстандағы экологиялық таза дәрілік шөптер мәселесі», организованном клубом «Экоlife» Казахского агротехнического университета им. С. Сейфуллина.

2020 жылдың 11 қарашасында Zoom платформасында фармацевтикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, химия ғылымдарының магистрі Исина Жаннур Амиргалиевна өзі жетекшілік ететін Фм 19-2 тобының студенттері: Кабдолла Амина, Асанова Гүлшат, Картабаева Гүлжан, Ертай Мәншүк, Насихат Айсұлулармен бірге Нұрсұлтан қ., С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Экоlife» клубы ұйымдастырған «Қазақстандағы экологиялық таза дәрілік шөптер мәселесі» тақырыбындағы республикалық шараға қатысты.

Шара барысында Фм 19-2 тобының студенттері дәрілік шөптерге кеңінен тоқталып, олардың химиялық құрамы мен әсер етуші белсенді топтарымен таныстырса, агротехникалық университеттің студенттері дәрілік шөптерді көбейту, оларды экологиялық тұрғыдан қорғау мәселелерін кеңңінен қарастыра білді. Дөңгелек стол соңында ұйымдастырушы Гүлсара Бақтыбайқызы қатысқан студенттердің барлығына алғыс білдіріп, топ кураторына сертификат берілетінін атап өтті.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.