2020 жылғы 16-17 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті базасында Microsoft Teams платформасында онлайн форматта ““Қашықтықтан білім беру: жаһандық ауқымдағы жаңа сын-қатерлер”атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.
Конференция жұмысына “Руханият” ҒЗО директоры А. У.Аупенова және шет тілдер және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының аға оқытушысы А. Н. Калижанова “Оқытуды басқарудың онлайн жүйелері арқылы оқу және сыныптан тыс қызметтің білім беру құзыреттілігін кеңейту”тақырыбындағы баяндамасымен қатысты. Баяндамада Trello веб-платформасын қолдану қарастырылды, ол жобаны көзбен немесе кез-келген процесті онлайн форматта ұсынуға, студенттердің үлгерімін бақылауға, баға қоюға, соның ішінде ашық онлайн-курсты, мысалы, Біріккен Ұлттар Ұйымының моделін әзірлеуге және ойын-конференцияға қатысу үшін қажетті құзыреттіліктерді дамытуға мүмкіндік береді.
Баяндамада сыныптан тыс іс-шараларды өткізуге назар аударылды. Атап айтқанда, Moodle (Modular Object–Oriented Dynamic Learning Environment) веб-платформасының көмегімен “Bolashaq” академиясында “Чернобыль туралы естелік”онлайн-викторинасы өткізілді. Онлайн-викторинаға “Bolashaq”Академиясының барлық білім беру бағдарламаларының студенттері қатысты. Барлық тілек білдірушілер өздеріне ыңғайлы уақытта викторина өткізу кезеңінде қатыса алды.
Конференцияда оқыту және білім беру сапасын басқарудағы қашықтықтан білім беру технологияларын (ҚБТ) пайдалану мүмкіндіктері мен перспективалары, ашық, онлайн-білім берудің және цифрлық инновациялардың өзекті мәселелері талқыланды.
Аталған конференция озық идеяларды іздеу және талқылау, қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану саласындағы өзекті міндеттерді іске асыру перспективаларын, тиімді инновациялық тәжірибені халықаралық деңгейде тарату барысындағы диалог алаңы қызметін атқарды.
Конференцияға қатысушылардың қызметі ҚБТ қолдану арқылы білім беру процесін жүзеге асырудың табысты педагогикалық практикаларын анықтауға; ҚБТ қолданудың халықаралық тәжірибесін кәсіби талқылау мен жүйелеуге, сондай-ақ жаһандану процестерінің ықпалына байланысты білім беруді жаңғыртудың негізгі үрдістері мен проблемаларын талдауға бағытталған.
“Руханият” ҒЗО директоры, з.ғ. м. А.У. Аупенова, ШТ мен МК кафедрасының аға оқытушысы, ф. ғ. м. А.Н. Калижанова