Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аралас жекпе-жектен үш дүркін әлем чемпионы, кәсіби спортшы Ардақ Назаровпен кезекті онлайн “Адалдық сағатын” өткізді.
“Bilashaq” академиясының студенттері онлайн кездесуге белсене қатысты.
Бейне дәрістің кейіпкері өзінің спорттық қызметін 1991 жылы грек-рим күресі секциясынан бастаған. А.Назаров өзінің алдағы мансабы барысында жақсы нәтижелерге қол жеткізді және көптеген спорттық жарыстардың тұғырында Қазақстанның туын көтеріп, грек-рим күресі, джиу-джитсу және панкратион бойынша аудандық, облыстық және республикалық жарыстарда жүлдегер болды.
Сұхбат барысында атақты спортшы отбасы құндылығы, бірлік және өзара құрмет тақырыбында өз ойларымен бөлісіп, жастарды патриотизм мен парасаттылыққа шақырды.
Ол атап өткендей: “құрметті адам, бұл ішкі кемелділікке және рухани-адамгершілік дамуға қол жеткізген, дұрыс шешім қабылдай алатын, қара және ақ шекараларды нақты ажырататын дана адам”.
А.Назаров қазіргі жастардың кітап оқуға және өзін-өзі дамытуға деген сүйіспеншілігін арттыру қажеттігіне ерекше назар аударды.
Ол өзінің барлық жеңістері мен жетістіктерін қажырлы еңбекпен байланыстырады, “басқа спортшылар аптасына 3 рет жаттығып жатқанда, мен 13 рет жаттығу жасадым, олар таңертең екі сағат сабақ бергенде, мен одан екі есе көп жұмыс жасадым” дейді ол.
Бүгінде әлем чемпионы – көпшілік үшін үлгі. Әр кездесуде ол жастарды алға қойған мақсаттарына жету үшін аянбай еңбек етуге, үлкендерді құрметтеуге, Отанын сүюге және салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.
“Адалдық сағаты” акциясы аясында Қазақстанның танымал тұлғаларын тарта отырып, жастар арасында парасаттылық идеологиясын ілгерілету жалғастырылатын болады.