Осындай тақырыппен Ю-21-2, Ю-23-2 топ студенттерімен топ кураторы Жунусова Л.М. Қарағанды қаласының 90 жылдығына орай кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағатта Қарағанды қаласының құрылғанын бастап қазіргі кезге дейінгі өмірбаяны тілге тиек етілді.
Қарағанды қаласы – бұл индустриалдық орталық, теміржол мен әуе жолының аса маңызды торабы, ғылымы мен мәдениеті дамыған қала, көптеген туристік-экскурсиялық желістердің қайнаған ортасы. Қала 1934 жылы 10 ақпанда құрылған. Қала өз атын осы өңірде мол өсетін кішкене ағаштардың тұқымы қарағанға байланысты атаған (желтая акация).
Қаланың мәдени өмірі қызықты да көңілді. Қалада өнерді құрметтейтіндер «Шалқыма» концерт залына барады, онда классикалық музыка концерттерімен композиторлар, дирижерлар және музыканттар өнер көрсетеді. Сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрына, К.Станиславский атындағы драма театрына, Академиялық музыкалық комедия театрына және өзінің қорында 134-810 экспонаттары бар Қарағанды облыстық тарихи өлкетану мұражайына, экологиялық мәдениетті дамыту мен сақтауға мамандандырылған Қарағанды экологиялық мұражайына бара алады. Қала аумағында 50-дей тарихи және мәдени ескерткіштер бар: Кеншілердің мәдениет сарайы, Н.Әбдіров атындағы Спорт сарайы, «Чайка» қонақ үйі, цирк ғимараты, «Шахтер» стадионы, Н.Әбдіров, Бұқар жырау, Ғ.Мұстафин, А.Байжанов ескерткіштері, «Шахтер Даңқы», «Мәңгі алау» әскери даңқы, Ауғанстанда қайтыс болған жауынгер қарағандылықтар құрметіне арналған сәулет-мемориалдық ансамблі және басқалар.
Кураторлық сағат өте қызықты, әсерлі өтті. Қаламыз әрі қарай қарқындап дами берсін, тұғыры биік болсын, оның әрі қарайғы гүлденіп, дамуына біз де үлесімізді қосамыз деген студенттердің жүрекжарды лебіздері іс-шараның маңыздылығын толықтыра түсті.