2023 жылғы 6 сәуірде кәсіптік бағдар беру жұмысы шеңберінде қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Қарағанды Жоғары гуманитарлық колледжінің түлектерімен кездесу ұйымдастырып, өткізді. Кездесуге оқытушылар Ф.Ш. Оразгалиева, Б.А. Абылбаева, С.А. Бакарамова қатысты.

Студенттерге біздің ЖОО-ның негізгі бәсекелестік артықшылықтары, білім беру бағдарламалары, оқыту нысандары және оқу ақысын төлеудің икемді жүйесі туралы ақпарат берілді.

Іс-шараға “Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі”, “Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу”, “Шет тілі: екі шет тілі”,” Қазақ тілі мен әдебиеті” білім беру бағдарламаларының түлектері қатысты.

Колледж студенттері оқуға түсу шарттарына байланысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. “Bolashaq” Академиясының ғылым және білім саласындағы жетістіктері, жетекші жоғары оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыратыны, сондай-ақ дуальды білім беруді жүзеге асыратыны туралы ақпарат алды.
