Жалпы білім беру пәндері кафедрасының аға оқытушысы А.У. Илясова Қарағанды облысы Полиция департаменті жанындағы консультативтік-кеңесші органның мүшесі бола отырып, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы және кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың алдын алуға қатысты мәселелер талқыланған отырысқа қатысты.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге, кәмелетке толмағандарға өмірлік қиын жағдайда кеңес беруде және “заңмен жанжалда” дағдарыс орталықтары пәрменді көмек көрсетеді, олардың бірі Қарағанды қаласындағы @Centr_shanc_karaganda1 (Инстаграм) “Шанс” орталығы болып табылады. Уақтылы жүгіну, білікті көмек алу одан әрі қауіпсіздіктің кепілі болады.
2023 жылдың соңында көптеген жастардың назары “Бала сөзі. Асфальттағы қан” атты қылмыстық сериалға аударылды, онда болып жатқан негізгі әрекеттерді талдайтын болсақ, бұлар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптарына жатады. ККО мүшелерінің, атап айтқанда А.У. Илясованың бастамасымен, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің қылмыстық құқық кафедрасының профессоры Аманжолова Б.А .фильмнің кадрлары мен осы қылмыстарды жасау кезінде туындайтын қылмыстық жауапкершілікке негізделген бейнеролик әзірледі.
Кураторлық сағаттарда танысу үшін осы бейнебаянды ұсынамыз.