Ар-намыс Кодексі

09.09.2024 ж. “Bolashaq” Академиясының фармацевтикалық пәндер кафедрасының оқытушылары студенттерге Ар-намыс Кодексі туралы мәлімет берді. Кафедра меңгерушісі Пахомова Д.К. академияның миссиясы, жалпы ережелері, студенттердің жауапкершілігі, сабаққа қатысулары мен үлгерімдері, сондай-ақ студенттер мен оқытушылардың, ЖОО әкімшілігімен қарым-қатынасы туралы баяндады. Студенттердің киім кию үлгісі, жүріс-тұрысы мен тәртібі кодекске сай болуы қажет екендігі айтылды. Фармация факультетінің студенттері болашақта медицина қызметкері болатындықтан, ақ халат кию мен сабаққа қатысуды міндетті түрде сақтау керектігіне ерекше назар аударылды. Өткізілген шара соңында студенттер танысу парағына қол қойды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.