Академия ректоры «Педагогика» кафедрасының ұжымымен кездесті

«Bolashaq» Академиясының ректоры Аданов Қуанышбек Бұланұлы «Педагогика» кафедрасының ұжымымен кездесті.

Кездесуде білім беру үдерісін жетілдіру, педагогикалық даярлықты жақсарту және заманауи оқыту әдістерін енгізу мәселелері талқыланды. Кафедра оқытушылары цифрлық ресурстарды пайдалану, интерактивті әдістерді енгізу және педагогикалық практика мүмкіндіктерін кеңейту бойынша ұсыныстарын білдірді.

Халықаралық стандарттарды енгізу, түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және ғылыми-зерттеу қызметін дамыту мәселелері де қарастырылды.

Кездесу нәтижелі өтіп, педагогикалық білім беруді жетілдіру бойынша маңызды бастамалар талқыланды.

Кафедра ұжымы Академия басшылығына қолдауы үшін алғыс білдірді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.