2024 жылдың 19 сәуірінде Павлодар қаласының С.Торайғыров университетінде академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған “XXIV СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ” Халықаралық ғылыми конференциясы ұйымдастырылды.
Конференцияға”Bolashaq” Академиясынан 19-2 ФМ тобының студенті Гүлшат Асанова жетекшісі, фармацевтикалық пәндер кафедрасының аға оқытушы К. С. Теміреевамен бірге қатысты.Ұсынылған баяндаманың негізі Қарағанды қаласының емханаларында жүргізілген үлкен ғылыми жұмыс болды. Цефалоспорин антибиотиктерінің жанама әсерлеріне бес ұрпақ қатарына салыстырмалы талдау жасалды. Ғылыми-зерттеу жұмысы жоғары бағаланып, студенттік жұмыстар арасында 1 орынға ие болды.
23 сәуірде Академия басшылығы конференция қатысушыларымен кездесті. Жылы және жайлы атмосферада студент сапары талқыланды. Гүлшат Асанова студенттердің ғылыми жұмысы және мамандықты игерудегі болашақ жоспарлары туралы айтып берді. Оған басшылық оқуды сәтті аяқтап, мұнымен тоқтап қалмай, кәсіби деңгейін көтеруді жалғастыруды тіледі. Кездесу соңында студент ректордан сыйлық алды.
Кафедра ұжымы мен студенттері Академия ректоры Гүлнар Мусиевна Рысмағамбетоваға өзінің тығыз кестесінде уақыт тауып, жеңімпаздарымыздың Павлодар қаласына сапарына үлес қосқаны үшін шын жүректен алғыстарын білдіреді!