Құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасы адвокаттардың біліктілігін арттырудың кезекті курсын өткізді. Бұл тыңдаушылардың үшінші тобы! Әр топта шамамен 35-40 адам оқудан өтті.
Мақсаты: Қазіргі заманғы талаптарға сәйкес теориялық білім мен практикалық дағдыларды жаңарту
Пішім: bigbluebutton платформасында қашықтан (онлайн).
Дәріскерлер: “Bolashaq” Академиясының құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, Қарағанды қ.
Оқыту бағдарламасы:
–Заң көмегін көрсету саласындағы мемлекеттік саясат
–Адвокаттың кәсіби қызметінің негіздері
–Азаматтық сот ісін жүргізу жөніндегі адвокаттық қызмет
–Қылмыстық процесте сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысындағы адвокаттың қызметі
-Қылмыстық сот ісін жүргізу жөніндегі адвокаттық қызмет
–Конституциялық сот ісін жүргізу
–Адвокаттың жеке басының кәсіби деформациясы
–Адвокаттың кәсіби қызметінің этикасы
–Адвокаттық қызметтің өзекті мәселелері
Жалпы, біліктілікті арттыру курстары жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде өтеді. Тыңдаушылар біліктілігін арттыруға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдірді және спикерлердің жоғары кәсібилігін, олардың терең білімі мен тәжірибесін атап өтті.

