Филиалда іс-шаралар өткізу жоспарын іске асыру және педагогика кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен “Қарағанды қаласының №86 жалпы білім беретін мектебі” КММ-нің ынтымақтастығы аясында 2024 жылғы 4 қазанда “Мұғалімдер күні” кәсіби мерекесіне арналған іс-шара өтті.

“Мұғалімдер күні” кәсіби мерекесі қарсаңында мектепте “Мұғалімге комплимент” жалпымектептік акциясы өтті. Оқушылар педагогтарға өз еңбектері үшін алғыс және ризашылық білдірді, ал мұғалімдер оқушылардың оларды қаншалықты бағалайтынын және құрметтейтінін сезінді.

Оқушылардың міндеті, үзілісте өзіне ұнайтын комплиментті таңдап, мұғалімді кәсіби мерекемен құттықтау болды.

Іс-шара соңында мектеп директорының м.а. Ирина Ивановна Лор және мектеп психологтары Карина Самаловна Магавьянова мен Раушан Толғанай “Bolashaq” Академиясының “Педагогика және психология” білім беру бағдарламасының 1 курс студенттеріне және педагогика кафедрасының өкілі, аға оқытушы Сабира Сартайқызы Шутеноваға жалпы мектеп акциясына нәтижелі қатысқаны үшін алғыс білдірді.