Мен, Мустафина Р.Н., «Bolashaq» Академиясының 4-курс студенті, академиялық күнтізбеге сәйкес 30.01.2023 ж.-08.04.2023 ж. аралығына бағдарланған өндірістік практиканы Ұлытау облысы прокуратурасының Қылмыстық қудалау басқармасында өтудемін.
Прокуратура – мемлекет атынан заңда белгіленген шектерде және нысандарда Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, сотта мемлекеттің мүддесін білдіретін және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын құқық қорғау органы.
Прокуратура органының Қылмыстық қудалау жүйесі мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырып, сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді.
Бастапқы аптада облыс прокуратурасының құрылымы және құрамымен, олардың өкілеттіліктері мен маған ұсынылатын жұмыстардың жалпы көлемімен таныстым.
Қазіргі уақытта мен өзіме тапсырылған жұмыстарды орындаудамын.
- Прокуратура жұмыс жоспарының жүйесін үйрену, тапсырмалардың орындалуын бақылау, жоспарлық шараларды оқу және т.б.;
- Күнделікті облыс аумағында түскен қылмыстық қудалау органының жедел-тергеу тобымен арнайы есепке алу кітабына тіркелген жедел мәліметтерді оқып шығу (қылмыстық құқықбұзушылықтың дұрыс саралануы, кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар бойынша ерекше назар аудару, есептен жасырылған қылмыстарды анықтау және т.б.);
- ҚПК-нің 105-бабына сәйкес, шағымдарды қарау тәртібімен танысу;
- Сұрау салу, ілеспе хат, өтінішхат және арыз немесе шағымдарды қайта жолдаумен айналысу;
- Қылмыстық іс материалдарымен танысу және анықтама жасап, тергеу перспективасын анықтау (ҚК-нің 107-бабы, 251-бабы, 105-бабы, 120-бабы және 122-бабымен СДТБТ-ге тіркелген қылмыстық істер);
- Сотталушының ынтымақтастық туралы процестік келісім жасасу туралы өтінішхатымен танысып, нәтижесінде Бас прокуратураға негізінен қарау үшін жолданды, себебі сотталғанмен ынтымақтастық жасау тек Бас Прокурор мен оның орынбасарларының өкілеттілігіне жатады.
- Апелляциялық сатыда мемлекеттік айыптаушымен ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігнің 1-тармағымен сотталған С.Ивановтың жеке шағымының негізінде қаралған сот процесіне бақылаушы ретінде қатысу.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментімен ҚПК-нің 128-бабына сәйкес 48 сағатқа ұсталған ҚК-нің 366-бабының 2-бөлігімен күдікті Сидоровқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішхатты Жезқазған қаласының тергеу сотында қарауға қатысу.
Академия қабырғасынан алған теориялық білімім практика өту кезінде үлкен көмек беруде. Оқытушыларымыз Оспанова Г.С., Жукобаев А.А., Кужукпаев М.Ж., Әбдіжәми А.Ж. прокурорлық қадағалау, сот сараптамасы, соттық дәлелдеу теориясы, криминалистика пәндерінен берген зерделі білімдері дәл қазір маған көп көмек көрсетуде.
Мұстафина Рыскүл, Ю-19-2 тобының студенті
«Bolashaq» академиясы,
Карағанды қаласы