«6В01301- Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының студенттерінің курстық жұмыс қорғауы

2023 жылдың 15 мамырында «6В01301- Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының ПМНО-20-2 тобының студенттерінің «Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесі», «Көркем еңбекті оқыту әдістемесі» пәндері бойынша курстық жұмысты қорғау  өтті. 

Курстық жұмысты қорғауға  Оқу-әдістемелік басқармасының басшысы Туганбаева Салтанат Турсынхановна, «Педагогика» кафедрасының аға оқытушылары, ғылыми жетекшілері К.А.Сарбасова, Р.Н.Жапанова, ПМНО-19-2, ПМНО-22-2 тобының студенттері қатысты.

       Курстық жұмыс – студенттің жыл бойына орындайтын оқу жұмысының міндетті түрі.  Курстық жұмыс студенттің өзбетіндік зерттеу жұмысы боп табылады және педагогика, психология немесе жеке әдістемелер саласындағы бір мәселенің мәтін түрінде рәсімделіп, логикалық аяқталған ғылыми зерттеу түрін қамтиды. Студентте ғылыми-зерттеу жұмыстарының дағдыларын қалыптастыру, оның  кәсіптік (теориялық, практикалық) дайындық деңгейін көтеру, оқу пәнін терең меңгеру, ғылыми дәне анықтама әдебиеттермен өзбетімен жұмыстану білігі мен қызығушылығы дамыту мақсатында жүргізіледі. Курстық жұмысқа дайындық кезінде студенттің алдында педагогика және мамандық бойынша оқыту әдістемелері саласындағы жаңа ғылыми жетістіктерді ашу міндеті қойылмайды. Студентке тақырыпты баяндау үрдісінде әдебиетті ғылыми пайдалану, баяндалған материалдың әдіснамасын түсіну, мәліметтерді жүйелей білу, жүйелеу мен қорытынды шығару, теория мен практиканы  қазіргі өмірмен байланыстыру қабілеттерін көрсету керек.

       Қорғау барысында студенттер өздерінің жасаған презентациялары бойынша қорғады. Мәліметтер қорымен  жұмыс жасай алатындарын және ақпараттандыру тілін жетік меңгергендерін көрсетті.

 Бүгінгі қорғауда ПМНО-20-2 тобының студенттері Мұхамедия А., Журсинбекова А., Нуркен Е., Сейдуәли М., Еркін С.  жан-жақты дайындықпен келгендерін көрсетті. Өздеріне қойылған сұрақтарға толық жауап берді.

       Оқу-әдістемелік басқармасының басшысы Туганбаева Салтанат Турсынхановна: «Студенттердің курстық жұмысты өте сәтті қорғағаны жайлы және 6В01301- «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының № 23 ЖББМ   филиал жұмысына, яғни дуальды білімнің бүгінгі күні нәтижесін осы қорғау барысында студенттердің зерттеу жұмысынан  көргенін айтты».

    Курстық жұмысты қорғаудың соңында «6В01301- Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттерінің қорытынды бағалары талапқа сай қойылды.

«Педагогика» кафедрасының аға оқытушысы К.А.Сарбасова

 

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.