6В01301- «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттерінің  дипломалды қорғауы

2024 жылғы 22 сәуірде  6В01301- «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша ПМНО-20-2 тобының (күндізгі бөлім) студенттерінің дипломалды қорғауы өтті.

Дипломалды қорғауға «Педагогика» кафедрасының  доценті, п.ғ.к. Абилкасимова Г.К., доцент Ешмуратова Д.С., аға оқытушылар Сарбасова К.А., Жапанова Р.Н., Арунова Ж.А., Нуркенова Г.К., Косманова А.Б. және ПМНО-20-2 тобының студенттері қатысты.

Диплом алды қорғау – тексерудің міндетті кезеңі болып табылады. Сол үшін дипломдық жұмыстың дайындығын ғана емес, студенттің өзінің дайындығын да тексереді. Өйткені, диплом қорғау кезінде қандай да бір қиындық, келеңсіз жұмыстар орын алмас үшін, маңызды жұмысқа психологиялық тұрғыдан дайындалу қажет. Дайындық кезеңдерінің бірі ретінде әрбір студент диплом алды қорғау рәсімінен өтуі керек.

Шындығында, алдын-ала қорғау негізгі оқиғаның  тұсаукесері деп айтуға болады. Бұл дипломалды қорғау студенттерді болашақта ғылыми жұмыстармен айналысқан кезде қиындықтар туындамасы үшін аса қажет. Алдын ала қорғау – дипломдық жұмыстың еш қиындықсыз тапсырылатындығының 90% кепілдігі.

Студенттер дипломдық жұмыстары бойынша тоқталып өтті. Оқытушылар жұмыстың тақырыптары бойынша студенттерге сұрақтар қойды. Комиссия мүшелері тарапынан студенттердің дипломдық жұмыстарына түзетулер мен толықтырулар айтылды. Барлық айтылған  сын ескертпелерді дипломдық жұмысты қорғауға дейін түзетіп, өңдеу  қажеттілігі ескертілді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.