22.01.2024-02.02.2024 ж.аралығында ПМНО-23-2 тобы студенттерінің 2 аптаға жоспарланған “Оқу (таныстыру) практикасы” бойынша қорытынды конференция өтті. Конференцияға практика бойынша ОӘБ маманы Данагүл Саматқызы Сейтжанова, кафедраның аға оқытушысы Ж.А. Арунова, практика жетекшісі: Риза Набиевна Жапанова және ПМНО-23-2 тобының студенттері қатысты.

ПМНО-23-2 тобының студенттері: Әбдіжамал Нұрсұлу, Оразалыева Аяулым, Сыдых Ахбота, Ермекқызы Шырай, Мұратова Жанель, Сағатова Гүлзат және Құдайбергенова Гүлсімай №23 жалпы орта білім беру мектебі КММ-де тәжірибеден өтті”. Төлеухан Рабиға Қарағанды облысының Шет ауданындағы “Абай атындағы ЖОББМ” КММ-де тәжірибеден өтті.

Оқу (таныстыру) практикасының мақсаты студенттердің педагог мамандығына тұрақты қызығушылығы мен оң көзқарасын дамыту, жалпы мәдениетті дамыту және студенттердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру болып табылады.




Бірінші мәселе бойынша практика жетекшісі п.ғ.м., аға оқытушы Р.Н. Жапанова сөз сөйледі. Ол оқу (таныстыру) практикасының нәтижелері туралы қысқаша айтып өтті. Содан кейін студенттерге сөз берілді.

ПМНО-23-2 тобының студенттері орта білім беру мекемесінің педагогикалық құжаттарымен: мемлекеттік стандартпен, Қарағанды қаласының “№23 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-де, Қарағанды облысының Шет ауданындағы “Абай атындағы орта мектебі” КММ-де өткен практикалар бойынша Мекемені дамыту тұжырымдамасымен және бағдарламасымен танысқандары туралы айтып берді. Олар тәжірибе кезеңінде жасалған жеке жоспар бойынша, жүргізілген жұмыстар жоспары бойынша және т. б. есепті тапсырды және қорғады.




Қорытындылай келе, Д.С.Сейтжанова, Р.Н. Жапанова, Ж.А. Арунова осы тәжірибеден өту барысы туралы түрлі сұрақтар қойып, студенттер сұрақтарға сәтті жауап берді. Студенттердің есепті қорғау нәтижелері белгіленген баллдық-рейтингтік бағалау жүйесімен сараланған сынақпен бағаланды.
“Қарағанды қаласының №23 жалпы білім беретін мектебі” КММ ұжымына, яғни директор Дина Көшербайқызы Балмұхановаға алғысымызды білдіреміз. Практиканттарға директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: Қасымбаева Әйгерім Оразалқызы жетекшілік етті.
Сынып жетекшілеріне: Лапиева Гүлім Қаппарқызы, Азанбаева Жазира Манакқызы, Құрманқұлова Азима Тасбекқызы, Уахитова Ақниет Қаржасқызы және Қарағанды облысы Шет ауданы “Абай атындағы ЖОББМ” 1-сынып жетекшісі Қымбат Көшеноваға жеке алғысымызды білдіреміз.