2021 жылдың 2 сәуірінде “Bolashaq”академиясы” ЖМ Шетел тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері № 45 гимназияға барып, бітіруші сыныптарда кәсіби бағдар беру жұмысын өткізді, оның аясында болашақ түлектерге Академияның білім беру бағдарламалары, құжаттарды тапсыру және қабылдау рәсімі, сондай-ақ мектеп мұғалімдері мен Орта жалпы білім беру мекемесінің қызметкерлері үшін магистратураға түсу мүмкіндігі туралы айтып берді.
Академияда ұсынылған үш шет тілін, атап айтқанда неміс, қытай және француз тілдерін оқып жатқан Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының студенттері өздері таңдаған тілдің басты артықшылықтары мен маңыздылығын айтып берді. Сондай-ақ, әрбір студент неліктен осы ЖОО- таңдағаны туралы өз пікірімен бөлісті.
Әлеуетті талапкерлерге “Bolashaq”Академиясы туралы имидждік бейнероликтер мен презентациялар көрсетілді. № 45 Гимназия КММ түлектері жатақханаға, оқу ақысын төлеуге, оқу ақысын төлеуге жеңілдіктерге, білім беру гранттарына және т. б. қатысты көптеген сұрақтар қойып, қызығушылық танытты.
Түлектерге кәсіби бағдар беру материалдары берілді.