2022-2024 жылдарға арналған “Жас ғалым” жобасы бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру конкурсын өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – ҚР БҒМ) ғылымды дамытудың келесі басым бағыттары бойынша 2022-2024 жылдарға арналған “Жас ғалым” жобасы бойынша жас ғалым-постдокторанттардың іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыруға конкурс өткізетіні туралы хабарлайды:

-Табиғи ресурстарды, жануарлар мен өсімдіктер әлемін ұтымды пайдалану, экология;

-Геология, минералды және көмірсутекті шикізатты өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар;

-Энергетика және машина жасау;

-Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер;

-Өмір және денсаулық туралы ғылым;

-Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар;

-Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігі;

-Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер;

-Білім және ғылым саласындағы зерттеулер;

– Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс және конкурстық құжаттамаға сәйкес мамандандырылған ғылыми бағыттар.

Конкурстық құжаттама ҚР БҒМ-нің (https://www.gov.kz/memleket/entities/edu) сайтында және Ғылым комитетінің (https://www.gov.kz/memleket/entities/sc сайтында орналастырылған. Конкурстық құжаттаманы түсіндіру және өтінімді рәсімдеу мәселелері бойынша 8 (7172) 74-24-85, 74-20-89; қаржы мәселелері бойынша 8 (7172) 74-16-53 , заң мәселелері бойынша 8 (7172) 74-24-67 телефондарына хабарласуға болады. Call center – 1450. Жұмыс уақыты: дс. – жм., 9: 00-18: 30 сағ., түскі үзіліс 13:00 – 14:30 сағ.

“ҰМҒТСО” АҚ ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу бойынша Call center (is.ncste.kz) өтінімдерді тіркеу және ЖТН алу үшін: 8-727-355-50-01 (ішкі. 210, 216, 217, 218, 219, 221, 224, 226, 227, 228, 229, 231, 232, 233, 234, 235, 236 ) байланыс жүйесімен хабаласуға болады. Жұмыс уақыты: дс. – жм., 9:00 – 18:30 сағ, түскі үзіліс 13: 00-14: 30 сағ.

Конкурстық өтінімдер ҚР БҒМ Ғылым комитетіне электрондық түрде, постдокторант пен өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, “ҰМҒТСО” АҚ ақпараттық жүйесі арқылы https://is.ncste.kz сілтемесі бойынша беріледі. Өтінімдерді қабылдау 2021 жылдың 10 желтоқсанына дейін (түбегейлі).

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.