Студенттер үшін осындай ерекше мерекені “Bolashaq” Академиясы да елеусіз қалдырмады.Кеш жүргізушілері белгілі шоумен Иманбаев Біржанға және Ин-23-1 тобының студенті Науменко Полинаға, кеш ұйымдастырушылары ЖІЖ Комитетіне алғысымыз шексіз.

16-қараша күні “Bolashaq”Академиясында Студенттер күніне орай би фестивалі өтті.Фестивальде академияның белсенді студенттері және қатарымызға жаңадан қосылған 1 курс студенттері өнер көрсетті.Нақтырақ айтқанда академиямыздың белсенді студенттері : Ю-21-2 тобының студенттері – Оралов Жанас,Зейнадин Абзал,Кеңес Бекболат,Кр-21-1 тобының студенті Саликова Мадина,Ю-23-2 тобының студенттері Шағарғазы Лаззат, Кадрин Тілеген,Калабаева Мерей, Ин-23-2 тобының студенті Жолдасбаева Эльмира, Ю-21-1 тобының студенттері Гартман Зинаида, Хинцицкий Иван, Оразкенов Амирхан, Ин-21-1 тобының студенті Щитова Екатерина, Ин-23-1 тобының студенті Науменко Полина,Ю-20-1 тобының студенті Агыбаев Жанулы түрлі вальс билерін, танго биін биледі.




Кеш барысында жүргізушілер студенттермен түрлі ойындар ойнады.

Кеш өте қызықты өтті.
Студенттерді шын жүректен мерекемен құттықтаймыз!