12 сәуір – Космонавтика күні

1961 жылы 12 сәуірде ғарышкер Юрий Гагарин “Восток-1” кемесімен Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылды және әлемде алғаш рет жер айналасында орбиталық ұшу жасады. Гагарин ғарышта 108 минут болды, бұл жерден тыс кеңістікті игерудегі серпіліс болды.

Тарихи ұшудан кейін Юрий Гагарин Ғарышкерлерді даярлау орталығында жұмысын жалғастырды (қазір оның есімімен аталады). Ол ғарышқа орала алмады: 1968 жылы 27 наурызда Юрий Гагарин МиГ-15УТИ оқу-жаттығу жойғышында ұшу кезінде қайтыс болды.

“Космонавтика күні” мерекесі 1962 жылы құрылды. Алты жылдан кейін ол авиация және космонавтика күні халықаралық мәртебесіне ие болды, содан бері жыл сайын атап өтіледі.

Қазақстанның тұңғыш ғарышкері-Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров.

Ол 1991 жылы Ресей мен Қазақстанның сол кездегі КСРО республикаларының үкіметтері арасындағы уағдаластыққа сәйкес Ю.А. Гагарин атындағы Ғарышкерлерді даярлау орталығында жаттығуға кірісті. “Союз ТМ” кемесінде және “Мир” орбиталық кешенінде зерттеуші-ғарышкер ретінде ұшуға даярлықтың жеделдетілген курсынан өтті. 1991 жылы 2 қазанда Александр Александрович Волковпен және австриялық ғарышкер Франц Фибекпен бірге “Союз ТМ-13″ғарыш кемесін зерттеуші ғарышкер ретінде ғарышқа аттанды. Бір апта бойы “Мир”орбиталық кешенінің бортында жұмыс істеді.

1965 жылы мектепті бітіріп, Армавир жоғары әскери авиациялық әуе шабуылына қарсы қорғаныс ұшқыштар училищесіне оқуға түсті. Училищені бітіргеннен кейін 1969 жылы КСРО ӘӘК-де қызмет етті. 1976 жылы сынаушы-ұшқыштар мектебін бітіріп, сынақ жұмысына көшті.

1976-1991 жылдары: А. Микоян атындағы Әуе шабуылына қарсы қорғану сынаушы-ұшқышы, М.Громов атындағы Ұшу-сынау институтының сынаушы-ұшқышы. Жұмыс барысында ол 50-ден астам ұшақ түрлерін игерді. Қырымда кеме негізіндегі ұшақтармен жұмыс істеді. КСРО – да бірінші болып “Тбилиси” ауыр әуе крейсерінің палубасынан МиГ-29 сериялы дыбыстан жоғары жойғышты көтерді. Сынақ жұмысынан қол үзбей, Серго Орджоникидзе атындағы Мәскеу авиациялық институтын сырттай бітірді.

Кеңес Одағының Батыры. Ленин орденімен, медальдармен марапатталған. КСРО еңбек сіңірген сынақ ұшқышы.

Марапаттары:

“Халық Қаһарманы” Атағы (1995);
Отан Ордені (1995);
Кеңес Одағының Батыры (1988);
Ленин Ордені (1988);
Октябрь Революциясы Ордені (1991);
“Құрмет Белгісі” Ордені (1981);
“Ғарышты игеруге сіңірген еңбегі үшін” медалі (2011 жылғы 12 сәуір) — басқарылатын космонавтика саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлкен үлесі үшін;
КСРО ұшқыш-ғарышкері (1991);
КСРО еңбек сіңірген сынақшы ұшқышы (1990);
Австрия Республикасының “Алтын Крест” Ордені (1988, 1992);
Көкшетау қаласының Құрметті азаматы.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.