Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті 2019 жылдың 24 қазанында “үздіксіз білім берудің өзекті мәселелері”атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
Осы конференцияның құрметті қонақтары болуларыңызды сұраймыз.
Ақпараттық хат қазақ және орыс тілдерінде қоса беріледі.
Ғылым, білім және инновация -“Қазақстан-2050″ стратегиясының орындалуының маңызды факторлары ” атты VI Халықаралық ғылыми-практикалық конференция
Құрметті әріптестер!
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы 2019 жылы 11 қазанда Нұр-сұлтан қаласында “Білім берудегі инновациялар: ізденіс және шешім” VІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.
Қатысуға: тәжірибе мұғалімдері, сынып жетекшілері, әдіскерлер, тәрбиешілер, әлеуметтік педагогтар, жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушылары, кітапханашылар, білім беру ұйымдарының басшылары, облыстық/қалалық және аудандық білім басқармаларының басшылары мен қызметкерлері, ғалымдар мен зерттеушілер, жаңа әдістемелер мен бағдарламалардың авторлары мен әзірлеушілері, білім беру ұйымдарына ғылыми-әдістемелік қолдау көрсететін ҮЕҰ өкілдері, ғылыми-зерттеу ұйымдарының өкілдері, білім және ғылым саласындағы мемлекеттік органдардың өкілдері шақырылады.
Конференцияны өткізудің мақсаты кәсіби өсу үшін педагогтарға әдістемелік және практикалық қолдау көрсету, білім беру трендтері туралы педагогикалық қоғамдастықтың түсініктерін кеңейтуге және жаңартуға ықпал ету, білім берудің өзекті міндеттерін іске асыру жолдарын іздеу және талқылау жолдарын бастамашылық ету, білім берудің түрлі деңгейлерінің өкілдері арасында диалог ұйымдастыру болып табылады.
3 тілде шақыру және ақпараттық хаттар қоса беріледі: