«Н. Ә. Назарбаев және Қазақстанның халықаралық бастамалары: тәжірибе және басымдылықтар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2020 жылдың 29 сәуірінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі жобасының аясында Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетімен бірлесе отырып, Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен Көкшетау қаласында «Н. Ә. Назарбаев және Қазақстанның халықаралық бастамалары: тәжірибе және басымдылықтар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция тұрақтылық пен бейбітшілікті нығайту, халықаралық қатынастардың трансформациясы жағдайында аймақтық қауіпсіздіктің негізгі мәселелерін реттеудегі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың рөлі мен бастамаларын сарапшылар мен жас ғалымдар арасында талқылау мақсатында өтеді.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

1. Халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың жаһандық бастамалары.

2. Қазақстан және мега-аймақтық қауіпсіздік: қауіп-қатерлер мен тегеуріндер.

3. Н. Ә. Назарбаевтың Еуразиялық бастамалары.

4. Ядролық қарусыз әлемге жол: Елбасы бастамалары.

5. «Әлем. XXI ғасыр»: жаһандық ынтымақтастықтың жаңа дәуірінің манифесі.

6. Қазақстанның бітімгерлік миссиясы.

7. Н. Ә. Назарбаев – түркі бірлігінің негізін қалаушы.

8. Ислам әлеміндегі Қазақстан: өзара әрекеттестіктің жаңа бағыттары.

Конференция жұмысына қатысу үшін өтінім пен баяндама мәтінін 2020 жылдың 6 наурызына дейін karagizova@mail.ru электрондық мекенжайына жіберуді өтінеміз. Өтінім пен мақала мәтіндері жеке файл түрінде жіберіледі және баяндамашының тегімен аталуы керек (мысалы: ahmetov_zayavka, ahmetov_doklad).

Мәтінге қойылатын көрсетілген талаптарды сақтауды сұраймыз. Электронды нұсқадағы баяндама мәтінін ресімдеуге қатысты талаптар сақталмаған жағдайда Ұйымдастыру комитеті баяндаманы жарияламауға құқылы болады.

Ø Көлемі 5–7 бет.

Ø Шрифт: қаріп түрі – KZ Times New Roman, кегль – 14, бір жоларалық интервал; абзац – 1,25 см, абзац автоматты түрде қойылады.

Ø Азат жол: жоғарғы және төменгі – 20 мм, сол жағы – 30 мм, оң жағы – 15 мм.

Ø Баяндама атауы – бас әріптермен жазылып, жолдың ортасы бойынша тураланады.

Ø Төменірек оң жиек бойынша бір азат жолдан соң: автордың аты-жөні – курсивпен, жартылай қою қаріппен (кез келген автор үшін – алдымен тегі, аралық, одан соң аралық қалдыру арқылы аты-жөні жазылады). Келесі жолда симметриялық түрде оң жиектен курсивпен – қызметін көрсету (лауазымы), мекеме атауы, ғылыми дәрежесі, келесі жолда симметриялық түрде – мемлекет пен қаланы және электрондық мекенжайды көрсету қажет.

Ø Мәтіндегі сілтемелер тізімдегі дереккөздердің реттік нөмірі және үтір арқылы беттің нөмірі көрсетілген тікбұрышты жақшалармен белгіленеді, мысалы: [4, 89 б.].

Ø Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мәтін соңында жазылады және бос жол арқылы бөлінеді. Тізімдегі дереккөздер дәйексөздердің мәтінде қолданылуына қарай көрсетіледі.

Ø Тырнақшалар «» белгісімен белгіленеді; көрсетілген даталардағы ғасырлар – рим цифрымен, жыл – араб цифрымен жазылады.

Ø Әдебиет сілтемелер түрінде көрсетіледі, абзацты аралық арқылы жазуға болмайды.

Конференция тақырыбына сәйкес келмейтін, Антиплагиаттан өтпеген мәтіндер (70% жаңашылдығы болмаса) жариялануға қабылданбайды. Конференция материалдары жинағын басылымнан шығару жоспарлануда (басылым тегін). Барлық шығындар конференцияға қатысушы тарапынан.

Конференция ұйымдастырушылары:

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы

Жауаптылар:

Ботагөз Мұттахиденқызы Қайыпова (директордың орынбасары)

Арын Ерлан Мұхтарұлы 8(7172) 751030

Кунсұлу Серікқызы Исинова 8(7172) 693061; 87011374679

Жабина Жансая Рифильевна 8(7172) 751300

Гүлден Болатқызы Карагизова 8(7172) 751215; 87013551363

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Жауаптылар:

Айгүл Досжанқызы Жақыпова (ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор)

Анаргүл Сәрсенбайқызы Белгібаева – Ғылым және халықаралық байланыстар департаментінің басшысы 8 (716)255605; 87014217534

Ақбота Тастанбекқызы Бексеитова 8 (716) 265550, 87013788782

«Н. Ә. Назарбаев және Қазақстанның халықаралық бастамалары:

тәжірибе және басымдылықтар»

халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға

ӨТІНІМ

Тегі

Аты

Әкесінің аты

Жұмыс орны, лауазымы

Ғылыми дәрежесі, атағы

Ұялы немесе тұрақты телефонының нөмірі (қала кодымен бірге)

E-mail

Баяндама тақырыбы

Конференция бағытының атауы

Техникалық құралдардың қажеттілігі (мультимедиялық проектор және т.б.)

Конференцияға қатысу мүмкіндігі

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.