Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шара аясында 2021 жылдың 16 қарашасында «Қаржы» кафедрасы ұлттық валюта күніне «Ұлттық валюта – тәуелсіздік символы» атты интеллектуалды викторина өткізді. Іс-шара басында э.ғ.к., профессор А.С. Дарибекова және әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Р.Н. Исмаилова қатысушыларға арнап құттықтау сөз сөйледі. «Қазақстанның ұлттық валютасы» тұсаукесерімен Ф-18-1 тобының […]
Жаңалықтар
Бүгін үлкен мереке-бүкіл әлем студенттері атап өтетін Халықаралық студенттер күні. Қазақстан да бұл мерекені 17 қарашада атап өтеді. Осы мерекенің тарихынан бастайық және құттықтаумен аяқтайық. 1939 жылы 17 қарашада фашистер басып алған Прагада бір топ чех патриот студенттері атылды. Гитлердің бұйрығымен концлагерьлерге мыңнан астам студенттер мен университет оқытушылары жіберілді. 1941 […]
Нұрсұлтан қаласы «BILIM-ORKENIETI» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен магистранттар, докторанттар, студенттер, қоғам белсенділері арасында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ-ҮЗДІК КӨШБАСШЫ-2021» атты республикалық байқау өтті. Байқауда республиканың түкпір түкпірінен келген жастар бақтарын сынады. Қарағанды қаласы «Bolashaq» академиясының қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының студенті Жаркеева Гүлдана Әділбекқызы Елтаңба авторы […]
2021 жылғы 13 қарашада Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернат қабырғасында заң пәндері кафедрасының меңгерушісі Ақылбек Тайболатұлы Қабжанов «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-әдістемелік орталығының шақыруымен оқушылардың аймақтық ғылыми-әдістемелік конкурсының аймақтық «Адам. Қоғам. Құқық» кезеңіне қазылар алқасының төрағасы ретінде қатысты.
2021 жылдың 5 қарашасында Moodle платформасында «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аталған іс-шараға «6В04201 – Құқықтану» білім беру бағдарламасының күндізгі бөлімінің Ю-21-1-2, Ю-19-2 оқу тобының студенттері, кафедра меңгерушісі Қабжанов А.Т., аға эдвайзер Ахметова А.К. және топ эдвайзерлері Д.Б. Нуртаева, Г.Қ. Отыншиевалар қатысты. Студенттерге сыбайлас жемқорлықпен күресу бойынша […]
Ағымдағы жылдың қараша айында кафедралардың жұмыстық оқу жоспары, академиялық күнтізбеге сәйкес 7М04202-«Құқықтану», 7М04102-«Қаржы», 7М01702-«Қазақ тілі мен әдебиеті», 7М01102-«Педагогика и психология» білім беру бағдарламалары бойынша 2-курс магистранттары үшін педагогикалық тәжірибеден өту қарастырылған. Осы бойынша бекіту конференциясы болып өтті. Педагогикалық тәжірибеден өту жетекшілері п.ғ.к., доцент Д.С. Асакаева (МПП-20-1), п.ғ.к., доцент Г.К. Абилкасымова […]
15 қараша-ҚР Ұлттық валютасы-теңге күні және еліміздің қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. 1993 жылғы 12 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» жарлығы шықты. Айта кетерлік жайт, бұл мемлекетке толыққанды банк секторын қалыптастыруға мүмкіндік берді. 1993 жылдың 15 қарашасында теңге айналымға енді. Содан бері бұл күн ұлттық […]
12 қараша күні «Bolashaq» академиясы ЗУМ платформасында онлайн режимде СР проректоры Г.М.Рысмагамбетованың қатысуымен кураторлар Кеңесінің кезекті отырысы болды. Күн тәртібінде кураторлар Кеңесінің оқу жылдарындағы жұмыс жоспары, студенттердің азаматтық көзқарасы мен патриоттық сезімдерін тәрбиелеудегі кураторлардың рөлі, оқыту және тәрбие жұмыстары бөлімінің жоспарына сәйкес іс-шараларға қатысуы, академиялық топ кураторларының жұмысын үйлестіру, бағыттау […]
Тәжірибеге бағытталған оқыту-студенттердің табысты білім алуының кепілі. 2021 жылдың 10 қарашасында ю-20-1 және ю-20-1к топтарының студенттері Қарағанды облысы атқару округінің жеке сот орындаушысы Саяхат Мұхаметқалиұлы Ахметжановпен кездесті. Аталған іс-шараның мақсаты академия студенттерінің практикаға бағытталған оқытуы болып табылады. Саяхат Мұхаметқалиұлы студенттерді қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша атқарушылық құжаттарды жіберу, борышкерден […]
Қарағанды қаласы әкімінің «Nur Qadam – 2021″жастар сыйлығының конкурсына құжаттар қабылдау басталды. Сыйлық ғылыми, шығармашылық, спорттық, кәсіби және қоғамдық қызметтегі жоғары көрсеткіштері үшін беріледі, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты. Оған 14-29 жас аралығындағы қарағандылықтар қатыса алады. Барлығы бес номинация:» Жылдың жас еріктісі», » Жылдың жас педагогы»,» Жылдың жас […]
«Jas Fund» Қарағанды облысының дарынды жастарын қолдау қоры Қарағанды облысының жасөспірімдер аула клубтары арасындағы үздік әлеуметтік жобалар байқауына өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды. Жобаның мақсаты – қызметі балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған Қарағанды облысының аула клубтарына материалдық қолдау көрсету. Өтінімдер 2021 жылдың 11 және 22 қараша аралығында қабылданады. […]
Жастар арасында қаржылық сауаттылықты қалыптастыру жобасы аясында Қарағанды облысында тұрғын үй-жинақ және білім беру депозиттері, IPO, зейнетақы активтерін басқару және т. б. саласындағы сарапшылармен және мамандармен ақпараттық іс-шаралар сериясы өткізіледі.Қаржылық сауаттылық – бұл тек ақша қаражатын бөлу ғана емес, сонымен қатар сәтті жұмысқа орналасуға қажетті дағдыларға ие болу.Біз Сіздерді «Жастардың […]
18 қараша күні сағат 13: 30-да шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының ұйымдастыруымен семинар өтеді. Семинардың тақырыбы – «Цифрландыру: оқытудағы WEB 2.0 құралдары». Кафедраның спикерлері-аға оқытушылар Марышкина Таисия Владимировна және Питимирова Татьяна Владимировна. Семинар барысында келесі сұрақтарды қарастыру жоспарлануда: -Web 2.0 құралдары ұғымы және олардың кез келген мамандық оқытушыларына арналған […]
Сіздерді Қарағанды облысындағы жастар арасында 2021 жылға арналған қаржылық сауаттылықты қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар кешені шеңберінде жастардың қаржылық сауаттылығын анықтауға арналған сауалнамаға қатысуға шақырамыз. Сауалнамаға сілтеме ойынша өтіп қатыса аласыз: Сіз қаншалықты қаржылай сауаттысыз? Сауалнамаға қатысу анонимді түрде жүреді.
Сіздерді Қарағанды облысындағы 2021 жылға арналған жастар арасында қаржылық сауаттылықты қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар кешені шеңберінде жастардың қаржылық сауаттылығын анықтауға арналған сауалнамаға қатысуға шақырамыз. Сіз төмендегі сілтеме бойынша өте аласыз: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSc0RfIu9FFYENTk5ll_rEd-4ZruLhRDtnPFzKGGPwRkbzU-yg/viewform Сауалнамаға қатысу жасырын түрде өтеді.