03.02.2022 жылы тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес “Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация” кафедрасының оқытушылары Т.В. Питимирова мен А.Б. Әбілжан күндізгі оқу бөлімінің студенттері үшін “Дені саудың – жаны сау” тақырыбында кураторлық сағат ұйымдастырды. Кураторлық сағаттың мақсаты студенттердің дұрыс және салауатты өмір салты туралы түсініктері мен білімдерін қалыптастыру болды. Осы тәрбиелік іс-шараны […]
Жаңалықтар
2022 жылдың 03 ақпанында кәсіптік бағдар жұмысының аясында Балқаш және Приозерск қалаларының 11 сынып оқушыларымен онлайн кездесу өтті. Кездесуді Қарағанды облысының білім басқармасы ұйымдастырды. Шараға Ұлттық тестілеу орталығы филиалының директоры, Қарағанды қаласының барлық жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларының жауапты хатшылары, сондай-ақ мұғалімдер мен ата-аналар қатысты. ЖОО-лардың негізгі бәсекелестік артықшылықтары, білім […]
Ағымдағы жылдың 2-4 ақпаны аралығында біздің ЖОО-ға Орталық Қазақстан академиясы Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінен ауыстырылған студенттермен кездесулер өтті. Келген студенттермен проректорлар, студенттерді қолдау қызметтерінің басшылары, кафедра меңгерушілері мен кураторлар кездесті. Қызметкерлер жаңа студенттерге біздің академия туралы айтып, оқу корпустары, кітапхана және басқа да құрылымдар бойынша экскурсия өткізді. Жаңа студенттерді […]
Олимпиаданың 1-туры-тестілеу-2022 жылдың 4 ақпанында “Bolashaq” академиясының интернет-ресурстары негізінде Moodle платформасында өткізілді. Тестілеу нәтижелері бойынша 2022 жылғы 11 ақпанда өтетін 2-ші турға келесі оқушылар өтті: Биология пәні бойынша мемлекеттік тілде оқыту: Байлен Әйгерім-Шет ауданы, Талды ЖББМ (97 б) Нығмет Аяжан-Шет ауданы, Талды ЖББМ (93 б) Жүкей Гүлжан-Теміртау қаласы, “№ 9 […]
2022 жылдың 4 ақпанында “Bolashaq” академиясында фармацевтикалық пәндер кафедрасы химия және биология пәндері бойынша мектеп оқушыларына арналған жыл сайынғы облыстық олимпиада өткізеді. Олимпиада Қарағанды облысының білім басқармасымен бірлесіп өткізіледі. Олимпиадаға қатысу үшін Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысының оқу орындарынан биология бойынша 14 өтінім және химия бойынша 13 өтінім берілді. Олимпиада […]
2022 жылғы 24 қаңтарда Орталықтың “Facebook” әлеуметтік желісіндегі парақшасында тікелей эфирде сараптама комиссиясын қалыптастыру бойынша рәсім жүргізілді, ол кейіннен мемлекеттік грант алуға үкіметтік емес ұйымдардың өтінімдерін қарайды. Сараптама комиссиясының негізгі және резервтік құрамына “рандомайзер” кездейсоқ сандар генераторын пайдалану жолымен тізілімнен 3 сарапшыдан іріктелді. Заң пәндері кафедрасының меңгерушісі Ақылбек Тайболатұлы Қабжанов […]
2022 жылғы 2 “Bolashaq” академиясының студенттері ZOOM платформасында “Діни экстремизм, терроризм және олардың салдары” тақырыбында Қарағанды облысы Дін істері басқармасы жанындағы ақпараттық-түсіндіру және талдау орталығының басшысы Далабаева Гульнар Бакеновнамен онлайн-кездесуі өткізді. Кездесу барысында теолог-маман студенттерге жат ағымдардан қалай сақтану керек екенін түсіндіріп берді. Одан бөлек, діни сауаттылықтың төмендігі жастардың […]
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қазақ тілін оқыту курстарын алдыңғы қатарлы білім беру платформаларына енгізу бойынша жұмыстар жүргізуде. Мемлекеттік бағдарлама аясында халықтың қазақ тілін өз бетінше үйренуіне арналған «Tilmedia.kz», «Balatili.kz», «Tilqural.kz» тәрізді тиімді бағдарламалар жұмыс істейді. «Tilqural.kz» (А1, А2, В1, В2, С1 деңгейлері бойынша қазақ тілін оқыту) электронды порталының […]
«Bolashaq» академиясы студенттері арасында Ахмет Байтұрсынұлының – 150 жылдығына орай «Ахмет оқулары» атты онлайн мәнерлеп өлең оқу сайысы өткізіледі. Мақсаты: Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығын жастар арасында кеңінен дәріптеу. БАЙҚАУ ШАРТТАРЫ : Байқауға қатысу үшін үміткерге қойылатын талаптар: Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу; Бейнероликтің басында студенттің […]
31 қаңтарда Zoom платформасында “Bolashaq” академиясының тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры Исмаилова Р.Н. онлайн форматта академияның студенттік ұйымдарының үйлестірушілерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында екінші оқу семестріне арналған жоспарлар талқыланды. Бұдан әрі “Bolashaq” студенттік республикасын жаңарту үдерісі бойынша пікірлер ұсынылды.Талқылау барысында студенттік белсенділікті жақсарту бойынша ұсыныстар айтылды.
2022 жылдың 8 қаңтарында өткен “Жас педагог, психолог”облыстық байқауының қорытындысы шығарылды. Байқауды “Bolashaq” академиясы Қарағанды облысы мектептерінің 11 сынып оқушылары арасында Қарағанды облысының білім басқармасымен бірлесіп on-line режимінде өткізді. Байқаудың мақсаты: психологиялық-педагогикалық қызметке қабілеті бар 11-сынып дарынды оқушыларын анықтау және қолдау; гуманитарлық білімді және “Педагогика және психология”, “Бастауышта оқыту педагогикасы […]
Ақпараттық-түсіндіру тобы Қарағанды облысының жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері арасында Covid-19-ға қарсы вакцинация және ревакцинация туралы онлайн-кездесу өткізді. Кездесу барысында спикер өзіне және жақындарына қауіп төндірмеу үшін екпе жасау қажеттігін атап өтті. Вакцинация екі кезеңде өтеді, екінші рет 21 күнде алу керек. Егер аллергия болса, сізге осы фактіні растайтын […]
27 қаңтарда ZOOM платформасында Bolashaq академиясының студенттік ұйымдарының кездесуі өтті. Кездесу барысында 2 оқу семестріне жоспарлар талқыланды. Кездесу барысында студенттер өзекті мәселелерді қозғап, академия студенттерінің үлгерімі мен уақытты тиімді өткізуі туралы айтып берді. Енді 31 Қаңтарда “Bolashaq” академиясының тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректорымен online-кездесу жоспарлануда.
2022 жылдың 27 қаңтарында кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Абай және Ақтоғай аудандарының 11 сынып оқушыларымен онлайн кездесу өтті. Кездесуді Қарағанды облысының білім басқармасы ұйымдастырды. Шараға Ұлттық тестілеу орталығы филиалының директоры, Қарағанды қаласының барлық жоғары оқу орындарының өкілдері, сондай-ақ мұғалімдер мен ата-аналар қатысты. Оқушылар әңгімеге белсенді қатысып, оқуға түсу шарттарына […]
Қарағанды қаласының №3 емханасының акушері Жанәділова Мадина Шәмелқызы коронавирустық инфекцияны жұқтырудың алдын алу және егу туралы қажетті ақпарат алу мақсатында “Коронавирусқа қарсы вакцина салу” тақырыбында онлайн кездесу өткізді.Кездесу барысында неміс-американдық Pfizer вакцинасының сапасы мен тиімділігі туралы айтылды. Pfizer вакцинациясында тірі коронавирус жоқ. Сондықтан вакцинация алған адам Covid-19-бен ауырмайды. Дүниежүзілік денсаулық […]