2023 жылғы 11 қазанда ЖОО сайтында профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылды.
Конкурсқа 6 кафедраның профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасуға арналған 10 құжаттар топтамасы ұсынылды. Қашықтықтан оқытуды ескере отырып, ЖОО ОӘК талдауынан өткен қосымша бейне сабақтар ұсынылды.
2023 жылғы 31 тамыздағы №14П бұйрығымен бекітілген комиссия құрамына: комиссия төрағасы-ректор, комиссия мүшелері-проректорлар, академия кәсіподақ комитетінің төрағасы және кадр басқармасының басшысы кірді.
Байқау қорытындысы бойынша 10 адам байқаудан сәтті өтті.