Басқарма “Bolashaq “академиясы” ЖМ ұйымдастыру жұмысын, кадрларды іріктеу, орналастыру, зерделеу, тәрбиелеу, біліктілігін арттыру, бөлімшені қажетті мамандармен, қызметкерлермен және штаттық кесте шегінде талап етілетін мамандықтар мен біліктіліктегі жұмысшылармен уақтылы қамтамасыз ету; белгіленген құжаттаманы есепке алу және сақтау бойынша жоспарлы жұмысты жүзеге асыратын қосалқы құрылымдық бөлімше болып табылады.
Кадр басқармасы өз қызметін ҚР тиісті мәселелерін реттейтін заңнамалық және нормативтік актілер; оның қызметі мәселелеріне қатысты әдістемелік материалдар негізінде және кадр басқармасының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады. Басқарма жыл сайын сапа саласындағы мақсаттарды қабылдайды және өткен оқу жылындағы мақсаттарға талдау жасайды.
Басқарма құжаттарында келесі бағыттар бойынша оқу процесін ұйымдастырудың негізгі теориялық және практикалық аспектілері көрсетіледі:
- оқу процесін жоспарлау, ұйымдастыру, басқару және бақылау;
- жұмыстар мен қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз ету;
- мұрағат.
Кадр басқармасының өз құзыретінен тыс мәселелер бойынша шешімдері ЖОО Ғылыми кеңесінің, ректораттың шешімімен немесе ректордың бұйрығымен жүзеге асырылады.
Құсайынова Әлия Асқарқызы
Кадр басқармасының басшысы
Мекен-жайы: 100012 Қазақстан, Қарағанды, Абай көшесі, 17 үй, каб. 205
Байланыс телефоны: 8-7212-42-04-25 (ішкі. 010), awka85@mail.ru
Жұмыс кестесі: дс.-жм.08.30-17.30