Әкімшілік шаруашылық қызметі (ӘШБ) ағымдық және перспективалық жоспарлау, қызметтік іс-әрекет мәселелерін шешудегі дара басшылықтың және оларды талқылау кезіндегі алқалылықтың ұштасуы, қызметкерлердің өздеріне жүктелген лауазымдық міндеттерді және “Bolashaq” академиясының бас инженері мен ӘШБ жөніндегі басшының жеке тапсырмаларын тиісінше орындағанына байланысты дербес жауапкершілік негізінде жүзеге асырылады.
Бас инженер:
– ӘШБ-ның барлық қызметіне басшылық жасайды, ӘШБ-ға жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуына дербес жауапты болады;
– өз құзыреті шегінде басқару (жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау) функцияларын жүзеге асырады, ӘШБ-ның барлық қызметкерлері үшін міндетті шешімдер қабылдайды;
– ӘШБ қызметкерлерінің арасында функционалдық міндеттер мен жеке тапсырмаларды бөледі, олардың жауапкершілік дәрежесін белгілейді, қажет болған жағдайда “Bolashaq” академиясының ректорына өзіне бағынышты қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;
– “Bolashaq” академиясының ректорына ӘШБ жұмысын жетілдіру, оның құрылымы мен штат санын оңтайландыру бойынша ұсыныстар енгізеді;
– ӘШБ қызметін перспективалық және ағымдағы жоспарлауға, сондай-ақ ӘШБ-ға жүктелген міндеттер мен функцияларға қатысты бұйрықтарды, өкімдерді және өзге де құжаттарды дайындауға қатысады;
– ӘШБ қызметкерлерінің кәсіби дайындығын арттыру үшін қажетті шаралар қабылдайды ;
– ӘШБ кадрларын іріктеуге және орналастыруға қатысады, “Bolashaq” академиясының ректорынаӘШБ қызметкерлерін көтермелеу және тәртіптік жаза қолдану, оларды қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберу туралы ұсыныстар енгізеді;
– ӘШБ қызметкерлерін еңбекке ынталандыру жүйесін жетілдіреді;
– өзіне бағынышты қызметкерлердің өз лауазымдық міндеттерін орындауына, еңбек тәртібін және жалпы ӘШБ қызметінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады.
Бас инженер болмаған кезде міндеттер ӘШБ басшысына жүктеледі.
ӘШБ өз қызметін “Bolashaq” академиясының басқа қызметтерімен және құрылымдық бөлімшелерімен, сондай-ақ өз құзыреті шегінде бөгде ұйымдармен өзара іс-қимылда жүзеге асырады.
ӘШБ-ның негізгі міндеттері::
- “Bolashaq” академиясының қызметін әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету, сондай-ақ ғимараттарға, үй-жайларға, жабдықтарға (жылыту, сумен жабдықтау, желдету жүйелері, электр желілері және т. б.) техникалық қызмет көрсету.
- Ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізуді жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау, жиһазбен, шаруашылық құрал-жабдықтарымен, инженерлік және басқару еңбегін механикаландыру құралдарымен жабдықтау, көлікпен қамтамасыз ету және қорғауды ұйымдастыру.
- Шаруашылық қызмет көрсету, материалдық және қаржылық ресурстарды ұтымды пайдалану, “Bolashaq”академиясының меншігін сақтау мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелердің қызметін ұйымдастыру-әдістемелік басқару және бақылау.
- “Bolashaq” академиясының қызметін шаруашылықпен қамтамасыз етуді дамытудың жай-күйі мен перспективалары туралы ақпараттық-талдау материалдарын дайындау және басшылыққа ұсыну, ӘШБ қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
- Жұмысты ұйымдастырудың жаңа әдістерін, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану негізінде жетілдіру және енгізу.
- “Bolashaq”академиясының қызметін әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету мәселелері бойынша басшылықтың басқарушылық шешімдерін дайындауға және орындауға қатысу.
- Өз құзыреті шегінде санитарлық-эпидемияға қарсы режимнің, өртке қарсы қауіпсіздік қағидаларының, қауіпсіздік техникасы нормаларының сақталуын бақылау, оларды бұзу фактілері анықталған кезде қажетті шараларды уақтылы қабылдау.
- Қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілермен көзделген тиісті құжаттаманы жүргізу, белгіленген мерзімде ӘШБ қызметі туралы статистикалық және өзге де ақпаратты ұсыну.
- “Bolashaq”академиясының мақсаттарына сәйкес басқа да міндеттерді шешу.
Аманжол Талғат Маратұлы
Бас инженер
Мекен-жайы: Ерубаев көшесі, 16, каб.108
Телефон 420425 (ішкі. 021, 028)
Жұмыс кестесі: дс.- жм. 08.30-17.30