Мен, Қарағанды қаласының «Bolashaq» академиясының «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 4 курс, яғни КР-19-1 тобының студенті Мұхамеджан Әсем 30.01.2023ж. Ұлытау облысы, Қаражал қаласы, Жәйрем кенті, №11 ЖББМ-не педагогикалық практиканы өтуге келдім.
Мектеп директоры Умирбеков Нургали Алдангорович жетекшіммен таныстырды. Менің жетекшім болып Назымбекова Гульнар Абдикаримовна тағайындалды. Жетекшім мені мектеппен, мектеп ұжымымен және сыныппен таныстырды. Болашақ педагог ретінде мұғалімдердің міндеттері, құқықтарымен таныстым. Маған «5» сынып оқушылары бекітіліп берілді. Сыныпта 12 оқушы. 9 қыз, 3 ұл. Сыныппен тез тіл табысып кеттік. Педагогикалық практиканың бірінші күні болғандықтан бірінші сабақта жетекшімнің сабағына қатысып, оқушыларды бақыладым. Сынып оқушылары зерек, өте белсенді. Сабақ соңында оқушылардың үй тапсырмасын тексеру үшін дәптерлерін жинап алдым.
Жетекшімнің ақыл-кеңесін тыңдай отырып, сабақ жоспарын құрдым. Пән мұғалімінің күнделікті міндеттерімен таныстым. Алдағы апталарда сыныппен тиянақты түрде жұмыс істеуге, өз қабілетімді барынша пайдалануға тырысамын.
Қарағанды қаласы
«Bolashaq» академиясы
КР-19-1 тобының студенті
Мұхамеджан Әсем