Мемлекеттік грант арқылы білім беруге қатысты өзгерістер «Білім туралы» Заңға 2016 жылы енгізілген болатын. Сәйкесінше бірнеше жыл бұрын Парламент енгізген өзгерістерге сәйкес, грант бойынша оқыған студенттер оқуларын аяқтаған соң мамандығы бойынша мемлекеттік мекемелерде 3 жыл жұмыс істеуге міндетті болатын. Тиісінше, бұл норма 2017-2018 академиялық жылдан бастап мемлекеттік тапсырыс есебінен жоғары […]
Академия "Bolashaq"
Жоғары оқу орнының ақылы бөліміне түсуді жоспарлаған талапкерлер үшін ұйымдастырылатын наурыз айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу компьютерлік форматта өтеді. Егер бұған дейін көктем айындағы тестілеу тек 10 күнге созылса, биыл қатысушыларға 1 ай уақыт беріледі. Наурыздағы ҰБТ-ға қатысу үшін app.testcenter.kz сілтемесі бойынша тіркелу қажет. Пәндер саны әдеттегідей бесеу: үш […]
«Bolashaq» академиясының Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы 2021 жылдың 5 наурызында «Жас филолог – 2021″облыстық конкурсының 1 турын қорытындылады. «Bolashaq» академиясының «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы 2021 жылы 05 наурызда Қарағанды облыстық Білім басқармасымен біріге отырып, Қарағанды облысы және Қарағанды қаласы орта мектептері, лицей, гимназиялардың 11-сынып оқушылары арасында қашықтықтан «Жас […]
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен «Сұлтанмахмұт Торайғыровтың әділдік философиясы» тақырыбында кезекті адалдық сағаты өткізілді. Сұлтанмахмұт Торайғыров – қазақ классикалық әдебиетінде ұлы Абай қалыптастырған көркемдік дәстүрлерді байытып жалғастырушы суреткер. Ол өз заманының ең мәнді, көкейкесті мәселелерін көтеріп, өзінің көркем қолтаңбасын, қоғам мен адам өміріндегі алуан шындықтар көрінісін шығармаларына арқау етті. «Қараңғы […]
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кезекті «Адалдық сағаты» қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогі, жазушы, этнограф, фольклоршы ғалым, ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсаринге арналды. Қазақ даласында білімнің шырағын жаққан Ыбырай Алтынсарин бар ғұмырын қазақ балаларын оқыту жолында өткізген. Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, ана тілімізде оқулық жазған. Ағартушы оқулықты жазудағы […]
10-ақпан күні «Bolashaq» академиясының «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы студенттері және кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Асакаева Д.С. «Өнегелі өмір» жобасы аясында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ZOOM платформасында өткен ұлағатты ұстаз, әмбебап әдіскер, әлихантанушы Тілеуғалы Әміртайұлына арналған дөңгелек қатысты. «Өнегелі өмір» жобасы аясында Еліміздің мәртебесін көтеріп […]
Әзербайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рашад Маммадов Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры Н.Т.Жұмаділоваға Әзербайжан және Қазақстан халықтары арасындағы бауырластық байланыстарды бекемдеуге, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға және Әзербайжанның әділеттілікті орнату жолындағы күресіне қосқан үлесі үшін алғыс айтып, Алғыс хат тапсырды. Нұршат Төлеуғалиқызын құттықтаймыз!
2021 жылғы 3-ші ақпанда «Мектепке дейінгі және бастауышта оқыту» кафедрасы ZOOM платформасында Қарағанды облысы және қаласы орта мектептері, лицей, гимназияларының 11 сынып оқушылары арасында «Жаңа форматтағы болашақ педагог» онлайн – байқауының қорытындысын өткізді Байқауды өткізудегі мақсат: жастар арасында педагогикалық мамандықтардың беделін көтеруге мүмкіндік туғызу және гуманитарлы білімді насихаттау, әсіресе «Мектепке […]
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі онлайн-дәрістер арқылы жастар арасында парасаттылық қағидаттарын ілгерілетуді жалғастыруда. Кезекті «Адалдық сағатының» қонағы қазіргі таңда қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосып жүрген белгілі ақын Қалқаман Сарин болды. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Шабыт» фестивалінің және «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, «Алтын қалам» әдеби сыйлығының […]
2-ақпан күні сағат 14.30 – да «Bolashaq» академиясының «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы студенттері арасында онлайн скайп алаңында «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты Рухани жаңғыру бағдарламасы негізінде ашық кураторлық сағат өтті. Тақырып аясында студенттер өзара пікірталастырып, «Тәуелсіздік», «Тәуелсіздіктің басты құндылықтары», «Қазақстандық жол – 2050: ортақ мақсат, ортақ […]
2021 жылдың 28 қаңтарында «Bolashaq» академиясының мәжіліс залында Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының түлектерімен және профессор-оқытушылар құрамымен кездесу өтті. Кездесуді Академия ректоры, профессор Қ.Н. Меңлібаев басқарды. Біздің түлектеріміз өзінің кәсіби қызметін түрлі салаларда, соның ішінде білім беруде жүзеге асырады. Кездесуге жалпы білім беру мекемелерінің директорлары да қатысты, мектеп оқушыларымен өткізілетін […]
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің тікелей басшылығымен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 2020 жылы 4-5 желтоқсанда Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында әдеби-мәдени құндылықтарымызды жаңғырту, ұлтымыздың мақтанышы, ғұлама ойшыл Хәкім Абайдың өмірі мен шығармашылығын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Абай әлемі» жалпыұлттық онлайн-студенттік өнер фестивалі онлайн режимінде өткізілді. […]
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға белсенділік танытып, әлеуметтік рухани маңызы бар қоғамдық істерді ұйымдастырып, өз қатарында көшбасшылық қасиеттерін көрсете білгені үшін Мағрұпжан Бексұлтан Қарағанды облысы рухани жаңғыру өңірлік жобалық кеңсесінің басшысы Айтбай Жұмағұловтың алғыс хатымен марапатталды.