Академия жөнінде ақпарат

“Bolashaq” Академиясы ” жеке меншік мекемесі-Қазақстанның алғашқы жеке меншік жоғары оқу орындарының бірі, оны білім беру қызметтері нарығында 1995 жылдан бастап 2007 жылға дейін Қарағанды “Болашақ” өзекті білім беру институты деп, 2007 жылдан 2015 жылға дейін Қарағанды “Болашақ” университеті деп атаған.

Институт 1995 жылдың 25 қыркүйегінде құрылды, 2007 жылдың 18 маусымында ЖОО өзінің мәртебесін өзгертті және Қарағанды “Болашақ” университеті болып өзгертілді, 2015 жылдың 4 тамызынан бастап ЖОО академия деп аталды. 2019 ж. 23 мамырында ЖОО атауын “Bolashaq” академиясы ” ЖММ деп өзгертті.

Бұл мәртебеде ЖОО 2019 жылғы 23 мамырдағы № KZ 62LAA00016157 білім беру қызметін жүргізуге мерзімсіз мемлекеттік лицензияға ие. “Bolashaq” академиясында білім беру бағдарламалары дайындық бағыттары бойынша білім беру қызметіне қолда бар лицензиялар шеңберінде іске асырылады.