Осы жылдың 26 ақпанында “BOLASHAQ” Академиясының 6В04201-“Құқықтану” Білім беру бағдарламасының Ю-21-1 тобында топ кураторы И.А. Жукен “Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз” тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Мақсаты – студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қажеттілігі туралы, қоғамның негіздеріне зиян келтіретін, құқықтың беделін төмендететін, ел экономикасына кедергі келтіретін, азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіретін, елдің халықаралық […]
Monthly Archives: Ақпан 2024
Қазақстан Республикасы Үкіметінің елді Бірыңғай уақыт белдеуіне көшіру туралы қаулысымен. 1 наурыздан бастап сағат 00.00-де Қазақстан UTC+5 және UTC+6 екі сағаттық белдеулерінен UTC+5 бір уақыт белдеуіне толығымен ауысады. Идеяны 2023 жылғы ақпанда “Қазақстандықтардың неғұрлым қолайлы уақыт белдеуіне көшу туралы бірнеше рет жасаған өтініштеріне” байланысты құрылған сарапшылар тобының мүшелері ұсынды. Министрлікте […]
23 ақпанда Семей қаласында өткен сайыскерлік самбодан Қазақстан чемпионатына іріктеу өтті. Жарыс ерлер арасында өткізілді. 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде II орынды “Bolashaq” Академиясының Ю-21-1 тобының студенті Тлеубердинов Әділ иеленді. Біз құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасының ұжымы және “Bolashaq” Академиясының “Құқықтану” Білім беру бағдарламасының студенттері Әділдің жеңісімен мақтанамыз. Әділді әлемдік […]
Жастар тек болашағымыз ғана емес, олар “нағыз қазіргі”, сондықтан жас ұрпақ болашақтың мазмұны мен сипатын қаншалықты анықтайтынын, “жаңа заман рухын” қаншалықты көтеретінін түсіну маңызды. 2024 жылғы 23 ақпанда студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғалымдардың (халықаралық қатысумен) “Жастар және қазіргі заманның жаһандық мәселелері” тақырыбы бойынша республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Аталған конференция ғылыми […]
«Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-нің қолдауымен М.Әуезов атындағы Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі КММ-де «Қарағанды қаласының 90 жылдығына арналған 90 кездесу» жобасы аясында ҚР білім беру жүйесінің құрметті қызметкері, заң ғылымдарының докторы, профессор, «Карлаг-болашақ үшін естелік» жобасының авторы мен жетекшісі, Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды […]
Студенттер, магистранттар мен докторанттар және жас ғалымдардың “Жастар және қазіргі заманның жаһандық проблемалары” республикалық ғылыми-практикалық конференциясының “Қазақстан Республикасының заңнамасын дамыту перспективалары” және “Қаржы жүйесінің проблемалары және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру” секцияларына барлығы 66 жұмыс келіп түсті, оның ішінде Құқықтану ББ бойынша-52 мақала, оның ішінде 21 баяндама қазақ тілінде, 31 […]
26 ақпан күні «Bolashaq» Академиясының 6В01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» ББ студенттеріне «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернаты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, педагог-зерттеуші, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Смағұлов Қымбат Ғабдоллаұлы «Педагогикалық бағыттағы жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану» тақырыбында дәріс оқыды. Бүгінгі білім беру саласындағы жаңалықтар және осы бағытта атқарылып жатқан нақты шаралар, […]
Отырысқа фармацевтикалық пәндер кафедрасының 40-қа жуық студенттері мен оқытушылары, сондай-ақ Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінен шақырылған баяндамашылар қатысты. Секцияға ұсынылған 10 баяндаманың ішінен 5 хабарлама тыңдалды, олардың тақырыбы кең ауқымды мәселелерді қамтыды. Сонымен, студент Тупицина Н.А., Челлер Н.А. бірлесіп жазған, нашақорлық мифологиясы туралы баяндама тыңдалды. Ол халық арасында жиі кездесетін […]
2024 жылғы 23 ақпанда “Психология және Педагогика” жалпы білім беру бағдарламасы бойынша педагогикалық (үзіліссіз) практиканың қорытынды конференциясы өтті. дПип-22-1к тобының студенттері облыстың жалпы білім беретін мектептерінде өткізілген тәжірибе бойынша өз есептерін қорғады. Студенттерге тәжірибе барысында өздерінің жетістіктері мен қол жеткізген табыстарын көрсетуге мүмкіндік берілді. Студенттер тәжірибе барысында сыныпқа, оқушыға бақылау […]
2024 жылғы 23 ақпанда “Bolashaq” Академиясында “Жастар және қазіргі заманның жаһандық мәселелері” атты дәстүрлі, жыл сайынғы республикалық ғылыми-практикалық конференция (халықаралық қатысумен) өтті. “Жастар және қазіргі заманның жаһандық мәселелері” конференциясының негізгі мақсаты – студенттердің, магистранттардың, докторанттар мен жас ғалымдардың шығармашылық белсенділігін дамыту, оларды қазіргі ғылымның өзекті мәселелерін шешуге тарту, бірыңғай халықаралық […]
2024 жылдың 26 ақпанында “Педагогика” кафедрасының эдвайзері А.М. Тәжинин Қарағандының 90 жылдығына орай орыс бөлімшесінің “Педагогика және Психология” білім беру бағдарламасының студенттерімен ашық кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағат барысында студенттермен Қарағандының пайда болу тарихы, қала атауының шығу тегі, қаламыздың жетістіктері туралы әңгіме жүргізілді.
«Bolashaq» Академиясының қолдауымен 2024 жылдың 23 ақпанында «Жастар және қазіргі заманауи әлемдегі мәселелер» тақырыбында өткен студенттер, магистранттар, докторанттар және жас ғалымдардың республикалық ғылыми-практикалық конференциясының филология бағыты бойынша секциялық мәжілісі өтті. «Қазақ филологиясы: бүгіні мен болашағы» атты №5 секция жұмысына қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары, жалпы орта білім беретін мектептер […]