«Ғалым. Қайраткер. Тұлға»

«Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-нің қолдауымен М.Әуезов атындағы Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі КММ-де «Қарағанды қаласының 90 жылдығына арналған 90 кездесу» жобасы аясында ҚР білім беру жүйесінің құрметті қызметкері, заң ғылымдарының докторы, профессор, «Карлаг-болашақ үшін естелік» жобасының авторы мен жетекшісі, Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Университетінің ректоры Нұрлан Орынбасарұлы Дулатбековпен «Ғалым. Қайраткер. Тұлға» атты кездесу өтті.

Кездесуге Академиядан 6В04201-Құқықтану білім беру бағдараламасының «Құқықтық және қаржылық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Л.М.Жунусова Ю-23-2 каз тобының студенттерімен бірге қатысты.

Кеш қонағы өзінің ғылымдағы жолы, қоғамдық қызметі мен зерттеулерімен бөлісті. Нұрлан Орынбасарұлы балалық шағындағы бақытты сәттерін еске түсірді, жастарды армандауға, көп талмай еңбектенуге және тарихты оқуға шақырды. Пікірлесу кезінде Нұрлан Орынбасарұлы ұлттық құдылықтарымыз және оны тану жөнінде келелі ойларын ортаға салды. Кездесу өте жоғары деңгейде ұйымдастырылып, кеш қонағы мен студенттер арасында ашық, еркін сұхбат деңгейінде өрбіді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.