2023 жылғы 10 қазанда Қарағанды қаласының №23 жалпы білім беретін мектебінде 2023-2024 оқу жылына арналған “6В01301-Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі” білім беру бағдарламасы филиалының жұмысы бойынша отырыс өтті. Отырысқа филиал жұмысына жауаптылар Сарбасова Қалимаш Амангелдіқызы, №23 жалпы білім беретін мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Гүлмира Мұратқызы, директордың бейінді оқыту […]
Yearly Archives: 2023
Педагогика кафедрасының меңгерушісі-1,0 Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының аға оқытушысы – 1,0 Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының аға оқытушысы-3,0 Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының оқытушысы – 1,5 Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы-2,0 Педагогика кафедрасының аға оқытушысы-1,25 Құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасының оқытушысы -0,5 Өтініш беру мерзімі […]
2023 жылғы 10 қазанда фармацевтикалық пәндер кафедрасында студент жастарды радикалды діни ағымдардан қорғау бойынша “Біз терроризм мен экстремизмге қарсымыз” тақырыбында ашық кураторлық сағат өтті. Студенттер қаралған бейнероликтерді қызу талқылай отырып, өзекті мәселеге байыпты қарады.
2023 жылғы 10 қазанда педагогика кафедрасының аға оқытушысы, ПМНО-20-2 тобының эдвайзері В. А. Байбакова “Діни экстремизм және терроризм” тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Мақсаты: экстремизм мен терроризмнің мәнін, олардың түрлері мен мақсаттарын түсіндіру; өскелең ұрпақтың қоғамдық санасы мен азаматтық ұстанымын қалыптастыру; терроризм мен экстремизм туралы ақпаратты жаһандық проблема ретінде кеңейту; студенттердің […]
2023 жылғы 9 қазанда «Bolashaq» Академиясының қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Б.А.Абылбаева 1- курс студенттері, яғни ФМ-23-1, ИН-23-1, Ю-23-1 топтарында қазақ тілінен «Менің туған жерім» атты ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: туған жер туралы тәрбиелік құндылықтарға тоқтала отыра, тілді меңгерту. Сабақтың жоспары төмендегідей негізде құрылды және өз нәтижесін […]
Биылғы оқу жылында “Тұлға плюс” психологиялық клубының бірінші отырысына ғылыми зерттеу тақырыбына қызығушылық танытқан әртүрлі курстардың, білім беру бағдарламалары мен оқыту форматтарының студенттері (ПиП-22-1, ПиП-20-1, дПМНО-22-1к, ДОВ-22-1С), түлектер (Жиенбаев Б.А., Смирнов С. Ю., Жанпеисова Л.) және қонақтар (Педагогика кафедрасының оқытушылары, Академиялық мәселелер жөніндегі проректор, “Вolashaq” Академиясының ректоры) қатысты. Студенттік ұрпақтар […]
“Өзіңді таны” психологиялық клубы қызметінің жоспарын орындау аясында Әбдірахманова А.С. 2023 жылдың қыркүйегінде күндізгі бөлімнің 1 курс студенттерімен тренингтік сабақтар өткізді. Сабақтар “Мен және менің көңіл-күйім мен әл-ауқатым” тақырыбында өткізілді. Тренингтік сабақтардың мақсаты-оқуға бейімделу кезеңінде студенттерді психологиялық сүйемелдеу. Іс-шараға ИН-23-1, ФМ-23-1 топтарының студенттері қатысты. Студенттер ЖОО-ға оңтайлы бейімделу бойынша ақпарат […]
2023 жылғы 6 қазанда “Bolashaq” Академиясының акт залында адвокаттардың біліктілігін арттыру бағдарламасының тыңдаушыларына біліктілікті арттыру туралы сертификаттарды салтанатты түрде тапсыру өтті. Жобаға қатысушылар-20 сағат көлемінде біліктілікті арттыру бағдарламасы бойынша оқуға мүмкіндік алған Қарағанды облыстық адвокаттар алқасының адвокаттары. Салтанатты жиын басталар алдында құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасының меңгерушісі Қабжанов Ақылбек Тайбулатұлы […]
85 жасында Қарағанды өңірінде танымал заңгер-оқытушы, отставкадағы полковник Кәкімжанов Тұрсынбай Сегізбайұлы өмірден озды. Өзіне тән ізгіліктің соны үлгісін салған жан еді ! Дәм-тұзы таусылып, мәңгілік сапарға аттанғанымен, біздің құрметті ақсақалымызды еске алатын, жақсы көретін және құрметтейтін барлық адамдар үшін ол қашанда жол көрсетуші жұлдыз болып қала бермек. Барлығы оны принципті, […]
Фм-21-2 тобының студенті Әлихан Мусилов 2023 жылдың 21 қыркүйегінде “Жас Барыс” турниріне қатысып, бірінші орынды жеңіп алды, грамотамен және медальмен марапатталды. Республикалық турнирге шақыру алды.
Дүниежүзілік фармацевтер күніне – 25 қыркүйекке арналған сұхбатқа біздің жергілікті 5 арнада “Bolashaq” Академиясының 2016 жылғы түлегі, фармацевт, фармация магистрі, “Қарағанды медицина университеті” КЕАҚ ассистент-профессоры Төлебаев Ерболат Әбибіллайұлы қатысты. Осы сұхбат барысында Е. А. Төлебаев фармацевтика өнеркәсібінің даму жағдайы және еліміздегі отандық фармацевтикалық өнімнің қолжетімділігі, фармацевтика өндірісі бойынша жақсы дамыған […]
Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,Ұстаз деген – анасы ол адамның.Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,Сен де одан адам болып жаралдың . 5 – қазан күні “Bolashaq” Академиясында қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбегі бар Ұстаздар қауымын құттықтауға арналған мерекелік концерт өтті.Мерекелік концертте Академия ректоры Рысмагамбетова Гульнара Мусиевна білім ордасында қызмет етіп […]
Ағымдағы жылдың 2-4 қазан аралығында құқықтық және қаржы пәндері кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының күшімен 20 академиялық сағат көлемінде адвокаттардың біліктілігін арттыру курсы өткізілді. Курс бағдарламасы “Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы” ҚР Заңының талаптарына, адвокаттардың біліктілігін арттыру стандарттарына қатаң түрде сәйкес жасалған: -Заң көмегін көрсету саласындағы мемлекеттік саясат -Адвокаттың кәсіби қызметінің […]
Құрметті білім саласы қызметкерлері, білім саласының ардагерлері, студенттер бүгінгі төл мерекелеріңіз — Мұғалімдер күнімен құттықтаймыз! Біздің мамандықтарымыз елдегі ең қадірлі, ең мерейлі әрі аса жауапты мереке. Сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, “Педагогика” кафедрасының атынан, мықты денсаулық, шығармашылық табыстар, ізгі махаббат пен мейірім тілейміз! Құрметпен, Педагогика кафедрасының меңгерушісі, Абдрахманова Алуа […]