2020 жылғы 03 желтоқсанда профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасуға арналған конкурстың қорытынды кезеңі өтті. 2020 жылғы 29 қазанда ЖОО сайтында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған болатын. Конкурсқа 7 кафедраның профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасуға 17 құжаттар пакеті ұсынылды. Қашықтықтан оқытуды ескере отырып, Академияның ОӘК мүшелерінің талдауынан өткен бейнесабақтар қосымша ұсынылды. […]
Yearly Archives: 2020
Құрметті достар! “Bolashaq” академиясы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні жоғары оқу орнының “Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры” атты І патриоттық мәнерлеп оқу байқауының өткізілетіні туралы хабарлайды. Байқау онлайн режимінде Академияның Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында өтеді. Байқауға Академия студенттері, профессор-оқытушылар құрамы, сондай-ақ қызметкерлер қатыса алады. Байқаудың шарттары: бір минутқа дейін камераға […]
“Bolashaq” академиясында 2020 жылдың 20 қарашасы мен 2 желтоқсаны аралығында жыл сайынғы “Mister&Miss “Bolashaq-2020″онлайн фотоконкурсы өтті. Бұл іс-шара ұйымдастырушылар тарапынан қызғылықты мереке болып табылды. Байқауға 13 жұп қатысты. Тіпті қашықтықтан қатысушылардың қызығушылығы мен толғанысын төмендетпеді десе де болады. Дауыс беру барысында біз байқауға қатысушылардың сұлулығы мен ұйымшылдығына көз жеткізе алдық. […]
2020 жылдың 4 желтоқсанында “Руханият” ҒЗО жалпы білім беру пәндері кафедрасының аға оқытушысы А.Б. Космановамен бірлесіп “Жаңа гуманитарлық білім. “Рухани Жаңғыру “мемлекеттік бағдарламасы аясында қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық” жобасы бойынша оқулықтар талқылауын өткізді. Дәріс мақсаты: үздік әлемдік үлгілер бойынша гуманитарлық білімнің мемлекеттік тілдегі бағыттары бойынша студенттердің білім алуына жағдай […]
2020 жылдың 3 желтоқсанында “Bolashaq” академиясында БОПмӘ-19-2 К тобының студенттері арасында Skype платформасында on-line режимінде педагогикалық практика бойынша бекіту конференциясы өтті. Конференцияға БОПмӘ-19-2к тобының студенттері, тәжірибе бойынша әдіскер Ж. М. Қонысбаева, тәжірибе бойынша жауапты кафедраның аға оқытушысы Е. А. Голомазова, аға оқытушы С. А. Бакарамова және тәжірибе жетекшісі К. А. […]
Құрметті оқытушылар, студенттер және талапкерлер! https://www.bilim.expert / ақпараттық порталындағы “Заманауи білім беру” қазақстандық басылымы өзінің оқырмандарын “Талапкер жаңалықтары-2021” басылымына қосымшамен таныстырады. 24 Қарашада 11-сынып оқушылары мен колледж түлектері үшін “Заманауи білім беру” республикалық онлайн-форумы өтті, онда 7890 қатысушы тіркелді, 1832 сұрақ қойылды. Онлайн-форумның негізгі спикері, Ұлттық тестілеу орталығының директоры Смағұлов […]
2020 жылғы 2-желтоқсанда «Bolashaq» академиясының студенттері, кафедра меңгерушілері мен оқу үдерісін ұйымдастыруға жауапты бөлім басшыларының онлайн режимде ректормен кездесуі өткізілді. Ректор Құралбай Несіпбекұлы Меңлібаев сутуденттерге қарата айтқан өз сөзінде бұл кездесудің мақсаты алдағы қысқы сессияның өтілу барысы жөнін тағы пысықтай түсу екенін ескертті. Студенттердің алдында ІТ-бөлімінің басшысы прокторинг туралы кеңінен […]
2020 жылдың 1 желтоқсанында Нұрсұлтан Назарбаевке арналған жаңа деректі фильм шықты. Қоюшы режиссері-Сәуле Көмекбаева. “Bolashaq” Академиясының студенттері мен профессорлық – оқытушылық құрамы онлайн режимінде Skype платформасында фильм көруді ұйымдастырды. Кураторлармен және эдвайзерлермен бірге фильмнің негізгі тұстары талқыланды. Фильмнің премьерасы “Хабар”телеарнасында өтті. Таспа “Уақыт таңдаған” деп аталады.Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев […]
2020 жылдың 30 қарашасында Қарағанды облысының студент жастары үшін онлайн режимінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған “Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы” атты дөңгелек үстел өтті.Дөңгелек үстелдің ұйымдастырушысы “Bolashaq” академиясы болды. Іс – шараның модераторы Болашақ Республикасының Президенті – Мағрұпжан Бексұлтан. “Bolashaq” академиясының ректоры, профессор Қ.Н. Меңлібаев құттықтау сөз […]
2020 жылдың 27 қарашасында “Bolashaq” Академиясының заң пәндері кафедрасында Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің жобасын (Teams бағдарламалық жасақтамасын қолдана отырып) талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері қатысты. Заң пәндері кафедрасының меңгерушісі з.ғ. к., профессор А.Т.Қабжанов кіріспе сөз сөйледі. Баяндамашы әлемде жаңа әдістемелер мен технологияларды […]
Жыл сайын, 1 желтоқсанда, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) шешімі мен 1988 жылы қабылданған БҰҰ Бас Ассамблеясының шешіміне сәйкес – ЖИТС – қа қарсы Халықаралық күрес күні. Биыл ол “Халықаралық ынтымақтастық-ортақ жауапкершілік!» ұранымен өтеді. Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күнінің мақсаты-АҚТҚ/ЖИТС туралы жаһандық хабардарлықты арттыру, індетке қарсы күресте қоғамның күш-жігерін жандандыру […]
Құрметті достар! “Bolashaq” академиясы сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнімен шын жүректен құттықтайды! Дәл осы күні-1 желтоқсанда Тұңғыш Президент сайланды, біздің мемлекеттілігіміздің бүкіл барысы мен дамуына даусыз ықпал ете отырып, Қазақстан Республикасының президенттік институты құрылды. Бұл мереке көпұлтты Қазақстанның көк байрағы тігіліп, жылдар бойғы арманының орындалған күні. […]
2020 жылғы 27 қарашада “Өрлеу “БАҰО” АҚ “Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты” ҚР Білім және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде “Ауылдық шағын жинақталған мектеп: қазіргі жағдайы және даму болашағы” атты республикалық ғылыми-практикалық желілік конференциясын онлайн режимде өткізді. Конференцияның мақсаты білім беру мазмұнын […]
“Руханият” ҒЗО директоры А.У. Аупенова 2020 жылғы 27 қарашада Қарағанды техникалық университетінде Тұңғыш Президент күні қарсаңында online – форматта өткен “Елі сүйген, Елін сүйген-Елбасы” республикалық дөңгелек үстелінде Тұңғыш Президент күніне арналған баяндама жасады. Қарағанды облысы әкімдігінің атынан іс-шараға қатысушыларға “Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы” ММ басшысы Е.Б. Құсайын құттықтау сөз […]
Қарағанды қаласының нашақорлықтың алдын алу жөніндегі қоғамдық бастамасының қызметі шеңберінде Жастар ресурстық орталығы “Үміт” ҚБ-мен бірлесіп, 2020 жылғы 30 қарашада қоғамдық бастама мақсатында синтетикалық есірткілердің адам ағзасына әсерін түсіндіру үшін студенттермен Халықаралық ЖИТС-пен күрес күніне профилактикалық вебинар өткізді. Вебинар ZOOM платформасында онлайн режимінде өтті .”Bolashaq” академиясының студенттері аталған іс-шараға белсенді […]