Зиманов С.З. “Қазақстанның құқықтық жүйесі әдеттегі құқықтан Қазақстан Республикасының Конституциясына дейін. Параллельдер мен проблемалар” Дөңгелек үстеліне шақырамыз

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Көрнекті ғалым, терең ойшыл, дана тәлімгер, қазақстандық Құқықтану, юриспруденцияның негізін қалаушы академик Салық Зиманұлы Зимановтың 100 жылдық мерейтойын мерекелеуге байланысты”Bolashaq” Академиясының заң пәндері кафедрасы 2020 жылғы 20 қарашада сағат 15.00-де “С.З. Зиманов Қазақстанның құқықтық жүйесі әдеттегі құқықтан Қазақстан Республикасының Конституциясына дейін. Параллельдер мен проблемалар” тақырыбында Дөңгелек үстел өткізеді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты академик С.З. Зимановтың ғылыми мұрасымен: көпқырлы қызметімен, өмірі және шығармашылығымен танысу; көрнекті ғалым-заңгердің “Әдеттегі құқықтан Қазақстан Республикасының Конституциясына дейін” еңбектеріндегі Қазақстанның құқықтық жүйесінің сабақтастығын талқылау болып табылады.

Дөңгелек үстел Skype онлайн платформасында өткізіледі.

Дөңгелек үстелдің жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша материалдар жинағын шығару жоспарлануда.

Жариялауға арналған материалдар талаптарға сәйкес ресімделіп, 2020 жылдың 12 қарашасына дейін ұйымдастырушыларға жіберілуі тиіс.

Мақалалар автордың редакциясында жарияланады, тексерілуі және орфографиялық қателері болмауы тиіс. Редакциялық алқа материалдарды жинаққа енгізу туралы шешім қабылдауға құқылы. Қабылданбаған материалдар рецензияланбайды және қайтарылмайды.

Дөңгелек үстелге қатысушы бір ғана мақаланы (бірлескен авторлықтағы мақалаларды қоса) ұсына алады.

Материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптар: Microsoft Word 97-2013 редакторында терілген көлемі 5 бетке дейін; интервал – бір; шифр – Times New Roman, өлшемі – 14 pt, суреттер мен кестелер (пайдаланылатын қаріп кеглі – 12 пункт); барлық жолдар 2 см; абзац шегінісі – 1,25 см; бет нөмірлері қойылмайды.

Ұйымдастыру комитеті: дөңгелек үстел үйлестірушісі: Кабжанов Ақылбек Тайболатович – заң пәндері кафедрасының меңгерушісі, профессор, з.ғ. к. (тел. 8701 951 90 33).

Дөңгелек үстелдің хатшылары: Кенжина Сауле Аукебаевна – заң пәндері кафедрасының доценті (тел. 8701 952 75 60). Отыншиева Гүлім Қожахметова – заң пәндері кафедрасының з.ғ.м. (тел. 8701 430 6188).

Жарияланым материалдарын келесі электронды мекенжайға жіберу керек: gylim88@mail.ru

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.