Психологиялық қызмет – “Өзіңді таны” клубының жұмыс жоспарын орындау аясында педагогика кафедрасының оқытушылары Алуа Сабитовна Абдрахманова мен Шутенова Сабира Сартаевна 2024 жылдың қыркүйек – қазан айларында психологиялық жеңілдену кабинетінде күндізгі бөлімнің 1 курс студенттерімен тренингтік сабақтар өткізді.

Тренингтің мақсаты бірінші курс студенттерін ЖОО-дағы оқу жағдайларына бейімдеу процесін оңтайландыру болды. Бұл іс-шаралар бірінші курс студенттерінің оқудағы жетістіктерінің көрсеткіші ғана емес, сонымен қатар ЖОО-ға бейімделуініңкөрсеткіші болып табылатындығына шартталды.
Жұмысқа ИН-24-1к, ПиП-24-1 топтарының студенттері қатысты.


Студенттер бейімделу құбылысының деңгейлері мен компоненттерін анықтады, оның оқудағы және өмірдің жаңа әлеуметтік жағдайларындағы көріністері туралы білді. Оларға тренингтік жаттығуларды орындау кезіндегі стандартты емес жағдайларда өздерінің жеке іс-әрекеттерін таныту туралы білуге мүмкіндік берілді.



Жалпы, студенттер тапсырмаларды сәтті орындап, бір-бірімен жақынырақ араласып, түсінісе бастады. Тренингтің адамның эмоционалдық жай-күйі мен жұмысқа қабілеттілігіне әсер ететіндігін, сондай-ақ Академияда оқуға жағымды ықпал тигізетіндігін атап өтті.