“Bolashaq” Академиясында “Жемқорлыққа жол жоқ” тақырыбы аясында дөңгелек үстел өтті.
Аталған іс-шараның мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу шараларының, әлеуметтік жәрдемдесудің және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмектесудің құқықтық тетіктерінің тиімділігін арттыруға, дәстүрлі және отбасылық құндылықтарды нығайтуға және жастарды рухани-адамгершілік тәрбиелеуге бағытталған.

Негізгі міндет қатысушыларға жемқорлықтың алдын алу мәселесіне өз көзқарасын білдіруге мүмкіндік беру, содан кейін жалпы пікірді тұжырымдау немесе тараптардың әртүрлі ұстанымдарын нақты ажырату.


