“ЖАСТАР ҚУАТЫ – “ТАБЫСТЫ КЕЛЕШЕККЕ БІР ҚАДАМ» ЖАСТАР ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР-ЖИЫНЫ ӨТТІ

Павлодар қаласы Торайғыров университетінде жастар саясатын дамытуға арналған халықаралық семинар-жиын өтті. Алқалы жиынға «Bolashaq» Академиясының ӘТЖ проректоры Р.Н.Исмаилова қатысып қайтты.

Халықаралық семинарға және пленарлық отырыстарға Қазақстанның, сондай-ақ жақын және алыс шетел университеттерінің екі жүзден астам өкілдері, жоғары білім және жастар саясаты саласындағы жетекші сарапшылар, соның ішінде Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан бүгінгі таңда Қазақстанның жоғары оқу орындарында 600 мыңнан астам студент білім алып жатқанын атап өтті.

 Бұл білім алғысы келетін саналы жастар. Спикер білім берудің міндеті – жастарды әлеуметтендіру екенін де атап өтті. Бүгінгі таңда жеке және кәсіби даму үшін барлық мүмкіндіктер бар екенін алға тартты.

Диалог алаңы халықаралық мәртебеге ие болды – оның қонақтары Германияның Анхальт университетінің, Палацк университетінің және Баку Славян университетінің өкілдері болды.

Сонымен қатар, «Қазақстан студенттерінің альянсы» Республикалық студенттік қозғалысы мен Торайғыров университеті арасында меморандумға қол қойылып, оған университет ректоры Еркін Садықов пен Қазақстан студенттерінің республикалық альянсының төрағасы Ұлан Нәукен қатысты.

Сондай-ақ «Этноауыл» мәдени-ағартушылық жобасының тұсаукесері өтті, оның аясында Павлодар облысы жастарының актерлік, шығармашылық және спорттық жетістіктері көрсетілді. 

Екі күнге созылған жиын өз мәресіне жетіп, алдағы жоспарларды іске асыруда жастар қуаты болашақ жетістікке жетудің бірден бір көзі екенін айқындады десек болады. Өйткені жастар кез келген қоғамның дамуына серпін береді. Олардың белсенділігі мемлекеттің даму қарқыны мен бағытын анықтайды. Жастар басқа жас топ өкілдерімен салыстырғанда мобильділігі, бастамашылдығы, инновациялық трансформацияларға, жаңа технологияларға бейімділігі, түрлі сын-тегеурінге қарсы тұру қабілетімен ерекшеленеді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.