26.09.2024 күні «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», «Педагогика және психология» білім беру бағдарламалары бойынша күндізгі оқу формасы студенттері үшін «Жастар арасындағы буллинг және кибербуллинг мәселелері» атты тақырыпта кураторлық сағат ұйымдастырылды.

Кураторлық сағатта буллинг және кибербуллинг мәселелері талқыланды. Буллинг және кибербуллинг құрбаны болуы мүмкін жастардың негізгі сипаттамалары, сондай-ақ буллинг және кибербуллинг себептері қарастырылды.

Осы проблеманың алдын-алу қажеттілігіне, қауіпсіз және достық атмосфераны құру үшін қолдануға болатын түрлі әдістерге ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, буллинг және кибербуллинг мәселелері туралы хабардарлықты арттырудың және оны білім беру ортасында шешудің тиімді шараларын жүзеге асырудың маңыздылығы атап көрсетілді.