Қазіргі әлемдегі жағдай білім алушыларды тәрбиелеу мен әлеуметтендіруді ұйымдастыру тәсілдерін айтарлықтай түзетуді, өскелең ұрпақты адамгершілік-рухани тәрбиелеудің жаңа нысандары мен әдістерін іздеуді талап етеді. Осы өзекті мәселелерді талқылауға, оларды шешудің прогрессивті тәжірибесін анықтауға педагогикалық қоғамдастық пен ата-аналарды Адамның үйлесімді дамуының ұлттық институты шақырады. 2022 жылғы 23 ақпанда “Жас адамды тәрбиелеудегі рухани және адамгершілік бағдарлар” тақырыбында республикалық онлайн-семинар өтті.
Онлайн-семинарға “Bolashaq” академиясының ӘТЖ жөніндегі проректоры Исмаилова Р.Н. қатысты.
“Жас адамды тәрбиелеудегі рухани және адамгершілік бағдарлар” тақырыбындағы республикалық онлайн-семинарды ұйымдастырушылар қатысушыларды балалар мен жасөспірімдер бойында құндылық бағдарларын қалыптастырудың өзекті мәселелерін кәсіби талқылауға қосуға ықпал ететін шығармашылық атмосфераны құра алды.
Ұйымдастырушылар заманауи цифрлық технологияларды – google-form, Padlet, чаттарды пайдаланды, олардың көмегімен қойылған сұрақтарға жауап берді, адамгершілік-рухани білім берудің нысандары мен әдістерін жетілдіру бойынша пікірлер, ұсыныстар жазды. Республикалық семинар еліміздің жас ұрпағын адамгершілік-рухани тәрбиелеудегі жаңа жетістіктерге тағы бір серпін болды. Қоғамның қазіргі жағдайын ескеретін білім беру ұйымдарындағы адамгершілік-рухани тәрбиенің ұсынылған тәжірибесі педагогикалық қоғамдастық пен ата-аналар қоғамдастығы арасында жалпылау мен таратуды талап етеді.